Екінші типті сусамырды дәрісіз емдеу тәсілі табылды
Екінші типті сусамырды дәрісіз емдеу тәсілі табылды
3 жыл бұрын 2729 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ, Австралия, Бразилия, Ирландия және Ұлыбритания ғалымдары жыл сайын өтетін Сусамырды зерттеу жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (EASD) мәжілісінде екінші типті сусамырды емдеудің тың стратегиясын ұсынды. Ол арықтауға негізделген. Сарапшылардың пікірінше, 15 келіден аса салмақ тастаған адам аталған аурудың дамуын тежеп қана қоймай, сонымен қатар, біржола жазылып кетуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Lancet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл арада ең алдымен аталған ауруды тудыратын негізгі факторға – семіздікке жол бермеуге назар аударып отыр. «Мұндай тәсілдің бірқатар артықшылығы бар: ол тек қан құрамындағы қанттың деңгейін төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге, бауырды май басу, остеоартрит, жоғарғы қан қысымы, қан құрамындағы май деңгейінің жоғары болуы секілді аурулардың алдын алуға болады. Бұл жайт өз кезегінде адам денсаулығының жалпы жағдайын жақсартады»,- деп келтіріліпті баспасөз релизінде Техас университетінің оңтүстік –батыс медициналық орталығының дәрігері Илдико Лингвей (Ildiko Lingvay) сөзі. Ғалымдардың мұндай тұжырымы бұл тараптағы бірнеше зерттеу нәтижелеріне негізделген. Мәселен, Ұлыбританиядағы 49 емханада жүргізілген DiRECT кластерлік-рандомизирлік зерттеу нәтижесі көрсеткендей, екінші типті сусамырға шалдыққан, орташа есеппен дене салмағы 100 келі тартатын науқастардың 15 келі салмақтан арылғаннан олардың 70 пайызының жағдайы жақсарып сала берген. Бариатрилік хирургиямен байланысты бірнеше зерттеуден кейін артық салмақтан арылтатын, дәлірегі, майды сылып тастау отасынан соң екінші типті сусамырдан зардап шегетін пациенттердің глюкоза деңгейін төмен түсіретен дәріге деген қажеттілігі азайған. Кейін олардың жағдайы көп жақсарған. Ғалымдар май қатпарын, әсіресе, мықын мен қарын майын екінші типті сусамырдың дамуына ықпал ететін негізгі механикалық фактор ретінде атап отыр.

Ұқсас материалдар:

«Қазақстан сусамыр дерті бойынша Орта Азияда бірінші орынға шыққан» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/qazaqstan-susamyr-derti-boiynsha-orta-aziyada-birinshi-orynga-shyqqan-1771/#gsc.tab=0);

«Дәрігерлердің сусамыр дертіне қатысты диагноз қоюдағы ең басты қателігі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/darigerlerdin-susamyr-dertine-qatysty-diagnoz-qoyudagy-en-basty-qateligi-anyqtaldy-9245/#gsc.tab=0);

«Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0);

«Обыр, сусамыр, алжу ауруларының асқыну себебі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/obyr-susamyr-alju-aurularynyn-asqynu-sebebi-belgili-boldy-12831/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік, сусамыр, семіздік жұқпалы болуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-susamyr-semizdik-juqpaly-boluy-mumkin-13086/#gsc.tab=0);

«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (http://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат