ДНҚ жайлы сіз білмейтін фактілер
|
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.
Ал енді ДНҚ жайлы көпшілік біле бермейтін фактілерді ұсынамыз. Адамның ДНҚ-сының 8 пайызы адамдар ауырған ежелгі вирустардан құралады. Барлық адамдардың ДНҚ - сының 99,9 пайызы бірдей болып келеді, ал қалған 0,01 пайызынан түрлі айырмашылықтарды табуға жеткілікті. Ал адамның ДНҚ-сы 50 пайыз бананның РНҚ-сына ұқсастығы жайлы естіген боларсыз. Егер адамның барлық денесіндегі ДНҚ клеткаларын тізіп, ұзін жіп жасаса 10 000 000 000 миль қашықтыққа жетеді екен. Бұл Жерден Плутонға барып, қайта оралғанмен тең. 2 грамм ДНҚ сандық нұсқада жазылған әлемдегі барлық ақпаратты сыйдыра алады.
Адамдар эволюция кезеңдерінде ДНҚ-ның кейбір кодтарын жоғалтын алуы мүмкін. Соның нәтижесінде физиологиялық өзгерістер орын алады. Гарвардта жасалған тәжірибе барысында 1 грамм ДНҚ-ға 700 терабайт ақпаратты сақтауға мүмкін болған.
ДНҚ арқылы із-түссіз жоғалған балаларды табуға бола ма?
1950 жылдары Израиль мемлекет ретінде қалыптасқалы бері елдегі балалардың жаппай із-түссіз жоғалуы көбейген. Бірнеше онжыл бойы жергілікті халық олардың ізіне түсе алмай келді. Кейбір ақпарат балалардың ауруханаларға немесе балалар үйіне әкетілгенін көрсетеді (жергілікті биліктің қатысы болуы да ғажап емес). Тағы бір мәлімет балаларды түрлі тәжірибелер жасау үшін ата-аналарының келісімінсіз ауруханаларға, орталықтарға алып кеткенін мәлімдейді.
Балалардың көпшілігі, 8 мыңнан астамы Израильге Йемен, Ирак, Тунис және Марокко сияқты араб елдерінен келген. Үш ресми зерттеу балалардың көпшілігі көз жұмды деген қорытынды жасайды, бірақ, жанұяларына өлім сертификаты да берілмеген, қайда жерленгендері де айтылмаған. Босана сала медбикелер сап-сау баланы алып кетіп, сәлден кейін оны шетінеді деп келгенін, еш себебін де түсіндірмегенін аналар да естеріне алып отыр. Сонымен қатар, өздерін асырандымыз деп ойлаған балаларға да туған ата-атаналарын табуға Израиль билігі барынша кедергі келтірген көрінеді. ДНҚ тестке негізделген "MyHeritagе" (менің шежірем) зерттеуі (қажет болса қабірді де ашу мүмкін) кезінде балалары жоғалған отбасыларға олардың тірі немесе көз жұмғанын (аурудан немесе басқа себептен), асырап алынғандығын білуге көмектеседі, - дейді Израиль билігі.
Мысалы 67 жастағы Варда Фокс (Varda Fox) ДНҚ тесті арқылы бірнеше айлық кезінде 1950 жылы Йеменнен асырап алынғандығын білген. Фокстың туған ата-анасы көз жұмған. Бірақ өткен айда ол туған апасымен кездесті. Варданың әпкесінің айтуынша, медбикелер анасына ауруханада оған қызының шетінегенін айтқан.
2016 жылы Al Jazeera жүргізген зерттеу барысында да осындай бірнеше шындық ашылған болатын. Мысалы, Гиль Грунбаум (Gil Grunbaum) Холокосттан аман қалған ата-анасының шын мәнінде туған ата-анасы емес екендігін тек 1990 жылдары анықтаған. Бірнеше жылдан кейін Гиль Израильдің ресми органдарының қарсылығына қарамастан, туған ата-анасы Тунистен қоныс аударған араб еврейлері екенін білді. Өткен жылдың жазында Иерусалимде мыңдаған адам жанұяларды біріктіріп, шындықты білу мақсатында үкіметтен нақты шаралар қабылдауды талап етті. Осыған жауап ретінде Израиль үкіметі балалары із-түссіз жоғалып кеткен отбасыларға ДНҚ тестін жасату үшін баласының қабірін ашуға рұқсат беретін заң қабылдады. Өткен айда 17 отбасы аталған рұқсатты алып үлгерді. Көбісі зерттеуден бір нәтиже болып, шындыққа бір табан жақындаймыз деп үміттенеді. Осыдан 1 жыл бұрын қоғам қыспағы астында қалған үкімет 50 жыл бойы жасырылып келген құжаттарды жариялады. Бұл құжаттарда куәгерлердің сөзі, балалар саудасының расымен болғанын айтқан (Израильдегі баласыз еуропалық еврейлерге немесе шет елдерге) медициналық қызметкерлер туралы ақпарат қамтылған.
Израиль журналисі Яль Цадок (Yael Tzadok): "Расизм жоғарыдан таралып отырды. Олар балаларды "нашар" ата-анадан алып "жақсы" ата-анаға беріп жатырмыз деп ойлаған болу керек. Ал күннен күнге көбейіп келе жатқан дәлелдерге мән бермей, тып-тыныш отыра беру Израильдің "халықаралық имиджіне" нұқсан келтірер еді", - дейді.
Глунбаумның айтуынша, мемлекеттің осыншама уақыт шындықты жасырып, балаларынан айырылған отбасылардан кешірім сұрамай келуінде экономикалық қызығушылығы болған. Шындық ашылған жағдайда үкімет "арыз-шағымдардың астында қалып, миллиондаған шығынға ұшыраймыз" деп қорыққан.