Діңгекті жасушалар мен электроника нейрондық импланттың жаңа түріне біріктірілді
Діңгекті жасушалар мен электроника нейрондық импланттың жаңа түріне біріктірілді
1 жыл бұрын 942 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кембридж университетінің ғалымдары діңгекті жасушалар мен электрониканы біріктіретін нейрондық импланттың жаңа түрін ойлап тапты.  Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш құрылғы сипатталған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Ол ампутацияланған (аяқ-қолы кесілген) және сал ауруына шалдыққан науқастарға көмектеседі. Революциялық биогибридті құрылғы дене тіндерімен кіріге алады. Биогибридті (яғни, биологиялық элменттері бар) құрылғының негізгі құрамдас бөлігі - индукцияланған плюрипотентті діңгекті жасушалар (iPS). Бұл жасушалардың төркіні - зертханада эмбрионалды діңгекті жасушаларға ұқсайтындай етіп қайта бағдарламаланған ересек адамның жасушалары (әдетте тері немесе қан жасушалары). Содан кейін олар кез келген басқа типтегі (тұрпаттағы) жасушаларға айналады. Зерттеушілер iPS-ті қаңқа бұлшықетінің құрылыс материалы болып табылатын миоциттерді жасау үшін қолданды және тірі организмде алғаш рет қолданылды. Жасушалар микроэлектродтар массивтерінде торға орналастырылды; соншалықты жіңішке - олар жүйкенің соңына бекітіледі. Осылайша, құрылғының электродтары мен тірі ұлпаның арасында миоциттердің қабаты пайда болды. Содан кейін зерттеушілер биогибридті құрылғыны сынақ үшін егеуқұйрықтарға имплантациялап көрді. Олар құрылғының торлы жағын жануарлардың алдыңғы аяқтарының кесілген шынтақ және орта жүйкелеріне бекітті. Бұл жүйкелерді ғалымдар адамның жоғарғы аяқ-қолдарының нервтерінің жарақаттарына ұқсас болғандықтан әрі ұсақ моториканы және сенсорлық функцияларды жоғалтумен байланысты болғандықтан таңдады. Бұл бағыттағы тәжірибе кезінде кеміргіштің денесіне кіріктірілген бұл құрылғы, сенесіз бе, дденеге біткенде тыртық із қалдырған жоқ.

0 пікір
Мұрағат