Дімкәс көзге арналған сұйық протез жасалды
Дімкәс көзге арналған сұйық протез жасалды
4 жыл бұрын 3619 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көз торының туабітті (яғни, тұқым қуалайтын) дистрофиясынан немесе жас ұлғая келе жабысатын макулярлы дегенерациядан пайда болатын кеңінен тараған аурулар салдарынан нашарлаған көру қабілетін қалпына келтіру мыңдаған пациентті соқырлықтан сақтап қалмақ. Әлемде тұңғыш рет италиялық технологиялық институт мамандары көзге арналған сұйық протез жасады. Италиялық ғалымдардың бұл жаңалығы өз кезегінде офтальмология саласындағы проблемаларды еңсеруге мүмкіндік беретін оңтайлы шешім болмақ. Италиялық ғалымдардың мәлімдеуінше, көзге арналған сұйық имплантатты пайдалану пигментті ретинит және жас ұлғая келе жабысатын макулярлы дегенерация секілді қауіпті ауруларды емдеуде елеулі көмегін тигізе алады. Аталған ауруларды дер уақытында әрі тиімді олмен емдемесе, адам зағип болып қалуы мүмкін. Бұл бағытта арнайы егеуқұйрыққа тәжірибе жүргізілді. Нәтижесі оңды. Көруге мүмкіндік беретін функция имплантталған полимерлік P3HT NP нанобөлшектер арқылы көз торы нейрондарын қосымша стимуляциялау нәтижесінде қалпына келеді. Сұйық импланттың артықшылықтары көп. Соның ішінде бүгінгі таңда қолданылып жүрген емдеу тәсілдеріне қарағанда әсерін мейлінше тез тигізеді. Бұл нанобөлшектер полимерлі стандартты протездің өзгешелігіне де ие екенін айта кету керек әрі жарыққа табиғи сезімталдығының арқасында көзілдірік тағып жатпайсыз. Аталмыш зерттеу авторлары мәлімдегендей, көз протезін жасауда пайдаланылған сұйық наноматериал дегенеративті соқырлықты емдеуде көп көмегін тигізеді әрі көз торы нейрондары мен фотоактивті полимердің өзара әрекетінің тиімділігін арттырады. Түптеп келгенде мұндай протездің соқырлыққа апарып соқтыратын көз ауруларымен күреске серпін беретінін жеткізді мамандар.

0 пікір
Мұрағат