Дежваю феноменінің бір құпиясы ашылды
Дежваю феноменінің бір құпиясы ашылды
2 ай бұрын 1166 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам кей сәтте кенеттен еміс-еміс есінде қалып қойған көрініске тап болғанда, дәлірегі, таныс жағдайға тағы тап болғандай күй кешкенде үрейге беріледі. Бұл құбылыс «дежавю» деп аталады. Десе де осынау тосын құбылыстың ешқандай тылсыммен немемсе өткен шақпен еш байланысы жоғын ғалымдар алға тартып отыр. Дежавю феномені тікелей ми қызметімен және жад процесімен байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көрген немесе куә болған нәрсесін бұрын да бастан өткергендей сезімге адамзаттың 70%-ы жиі тап болады. Француз тілінен аударғанда «бұрын көргенмін» деп аталатын біртүрлі сезімнің себебін нейробиологтар мен психологтар ми қыметінің қысқа мерзімді тұйықталуынан немесе жадтың алдамшы табиғатынан көреді. Дежавю феноменін оның эфемерлік табиғатына, яғни, қысқа мерзімді болуына, дәлірегі, бір мезеттік болуына байланысты зерттеу қиынға соғады. Десе де эпилепсиямен ауыратын науқасты зерттеу барысында бұл феноменнің негізгі тетігі анықталды. Кей адамдарда мұндай сезім талманың алдын ала хабаршысы іспетті: жадыға жауапты ми аймағында – гиппокампта электрлі зарядтың пайда болғанынан хабар береді. Ал психологтар аталмыш феноменге басқа қырынан үңілуге кеңес береді: ақпаратты бейсаналы түрде өңдеуге негізделген «алтыншы сезімнің» көрінісі ретінде қабылдауды ұсынып отыр. Яғни, саналы түрде қабылданбаған ақпараттың көрініс табуы ретінде алға шығады. Ми бәрін байқайды. Сент-Эндрюс университетінің Акира О'Коннор есімді психологының бұл тараптағы зерттеуі аталмыш феноменнің тағы бір ерекшелігіне назар аударған: Магнитті резонансты томография көмегімен ол дежавю кезінде есте түйіндерді шешуге жауапты мидың маңдай бөліктерінің белсенділігі артатынын анықтады. Бұл дегеніңіз - дежавю мидың жалған және нақты естеліктер арасындағы сәйкессіздікті тексеріп, шешуге тырысуының нәтижесі болуы мүмкін. Осылайша, дежавю сезімі кезінде мида күрделі процесс жүреді, өйткені, ауқымы орасан ақпаратты өңдейді. Міне, осы ақпараттарды өңдеу кезінде кейде ақауларға жол береді. 

0 пікір
Мұрағат