CRISPR-ді енгізудің жаңа әдісі сирек кездесетін ауруларды емдеуде көмектеседі
|
Америкалық ғалымдар сирек кездесетін ауруларды емдеуде көмектесетін генді редакциялаудың жаңа әдісін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы engadget.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тәсіл нанобөлшекті қанға енгізуді ұйғарады. Ғалымдардың айтуынша, CRISPR ген редакциялау тәсілі бұрын емі жоқ деп есептеліп келген аурулармен күресте тиімділілін танытып үлгерген. Алайда, осы уақытқа дейін бұл әдіс зақымдалған жасушаға тікелей енгізуді қажет етіп келген еді. NPR ақпарат көзінің хабарлауынша, ғалымдар CRISPR-Cas9 әдісін өзгеріс енгізу үшін қанға енгізуге болатынын алға тартып отыр. Бұл жайт өз кезегінде көптеген кеңінен тараған аураларды емдеуде генді редакциялау әдісін пайдалану мүмкіндігін ұлғайтпақ. Бұл бағыттағы тәжірибе сирек кездесетін, тұқым қуалайтын транстиретинді амилоидоз (ақуыздар алмасуының бұзылуы) ауруын емдеуде қолданылып көрді. Ғалымдар аталған тәжірибеге өз еркімен қатысқандарға CRISPR қамтылған нанобөлшектерді енгізді – пациенттің бауыры оны сіңіріп алған соң осы ағзадағы генді редакциялауға көшті – зиянды ақуыздардың бөлінуін тоқтату үшін. Нәтижесінде зиянды ақуыздар деңгейі бірнеше аптадан соң төмендеген, осылайша науқасты аурудан құтқарып қалған. Бұл тараптағы тәжірибе әлі жалғасын табатын болады. Егер нәтижесі ойдағыдай шықса, Альцгеймерден бастап, жүрек ауруларына дейін емдеуде кеңінен бұл тәсілді қолданатын болады.
Мәтін авторы: J. Fingas
Ұқсас материалдар:
"Ана құрсағындағы шақалақтың генін редакциялау тәсілі жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ana-qursagyndagy-shaqalaqtyn-genin-redaktsiyalau-tasili-jasaldy-13458/#gsc.tab=0);
"ДНК-ны бөгде генді енгізбей редакциялайтын тәсіл табылды" (http://islam.kz/kk/news/gylym/dnk-ny-bogde-gendi-engizbei-redaktsiyalaityn-tasil-tabyldy-13583/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/dnk-ny-bogde-gendi-engizbei-redaktsiyalaityn-tasil-tabyldy-jalgasy-13588/#gsc.tab=0);
"Ғалымдар CRISPR-ді жасушаға магниттік нанобөлшекпен жеткізу тәсілін тапты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-crispr-di-jasushaga-magnittik-nanobolshekpen-jetkizu-tasilin-tapty-12933/#gsc.tab=0);
"Жаңа ақуыз CRISPR көмегімен редакциялаудың дәлдігін арттырды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-aquyz-crispr-komegimen-redaktsiyalaudyn-daldigin-arttyrdy-13841/#gsc.tab=0);
Редакцияланған гендердің жұмыс режимін ажыратып-қосатын тетік жасалды. Редакцияланған геннің тиімділігін бес есе арттыратын әдіс табылды (https://islam.kz/kk/news/gylym/redaktsiyalangan-genderdin-jumys-rejimin-ajyratyp-qosatyn-tetik-jasaldy-redaktsiyalangan-gennin-tiimdiligin-bes-ese-arttyratyn-a-12931/#gsc.tab=0);
"Нейрондар регенерациясын бұғаттайтын ген табылды..." (https://islam.kz/kk/news/gylym/neirondar-regeneratsiyasyn-bugattaityn-gen-tabyldy-14976/#gsc.tab=0);