Боғауыз сөздің миға әсері зерделенді
Боғауыз сөздің миға әсері зерделенді
4 жыл бұрын 6514 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Боғауыз сөздер адамның орталық жүйке жүйесін қоздырады. Ал оның салдары кейін қандай болатынын ресейлік невролог, нейрофизиолог Александр Будик баяндап берді. Бұл жайында islam.kz порталы орыс тілінде хабар тарататын ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Неврологтың айтуынша, бейәдеп сөздерді қолдану – агрессия. Ол айналасындағыларға теріс әсер етіп қоймай, сонымен қатар, боғауыз сөз аузынан шыққан адамға де кері әсерін тигізетін, дәлірегі, орталық жүйке жүйесін қоздыру арқылы залалын келтіретін әдет. Александр Будиктің сөзіне қарағанда, агрессия организмді стреске ұшыратады, соның әсерінен қатты ауырсынуды сезбей қалады. Маман боғауыз сөзді айтқан адамды белгілі бір деңгейде спортшымен салыстырды. Ет қызумен алған жарақатын сезбейтін. «Стресс кезінде гормонның көп бөлінуіне байланысты адамның орталық жүйке жүйесі ауруды қабылдау тетігін өзгертеді»,- деп түсіндірді. Сол себепті, ашуға булығып, боғауыз сөз айтқан адам ауруды тиісті деңгейде бағалай алмайды. Ал стреске ұдайы ұшырау адам денсаулығына қатерлі: организмге ұдайы салмаұ түсіп, жүрек-қан тамырлары қысылуы мүмкін, бұдан бөлек, жүйке жүйесі зардап шегеді.

0 пікір
Мұрағат