Биоматериалдарды сақтаудың тоңазытқышты қажет етпейтін жүйесі жасалды
|
Калифорния политехникалық университетінің ғалымдары сұйық, биологиялық материалдарды қатты ұнтақ түрінде сақтау технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технология ғылыми зерттеулер үшін ферменттерді, ақуыздар мен антиденелерді ұзақ уақыт сақтауға және тасымалдауға, жаңа дәрі-дәрмек пен диагностикалық сынақтарды жасауға мүмкіндік береді. Бұл технологияның идеясы фармацевтикалық өнеркәсіптен алынған: сақтау мерзімі ұзақ қатты дәрі-дәрмекті ішер алдында ғана әзірлеуге болатын сұйық дәрілер көбейіп келеді. Бұл технология жасушасыз ақуыз синтезі жүйесінің (CFPS) биокомпоненттері (рибосомалар, ферменттер, ДНҚ және амин қышқылдары) бар ерітіндіні пайдалануды ұйғарады, яғни, тірі жасушаларды пайдаланбай, ақуыздарды тез шығаратын жүйе. Материалды ұзақ сақтау үшін зерттеушілер CFPS реакциясының нәтижелерін лиофилирлендіреді (яғни, биологиялық затты кептірудің жұмсақ әдісі, онда ылғалдылығы бар затты алдымен мұздатады, содан кейін вакуумдық камерада кептіреді). Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, мұндай қатты күйдегі жүйе қалыпты жағдайда (бөлме температурасында сақтау) күрделі биохимиялық қоспаны сақтауға қабілетті. Оны дайын дәріге айналдыру үшін генетикалық ақпаратты шешуге арналған жасушалық тетігі бар түйіршікпен бірге сумен араластырылады. Адам мен жануар жасушасынан алынған ферменттер мен мРНҚ, ақуыздар және антиденелер дәрі жасауда пайдаланылады әрі маңызды рөл ойнайды. Алайда, мұндай биологиялық материалдар нәзік келеді. Мұндай материалдардың көбісі төменгі температурада сұйық күйінде сақталады. Мұндай жүйе қымбатқа түседі – мұздатқыш пен тоңазытқыш жүйесімен байланысты болған соң. Ал мына әдіс медицина мен фармацевтикада дәріні сақтау шығынын азайтуға көмектеседі.
Фото: August W. Brookwell et al., ACS Synth. Biol