Биологтер саңырауқұлақтан экологиялық жағынан зиянсыз желдеткіш жобасын ұсынды
Биологтер саңырауқұлақтан экологиялық жағынан зиянсыз желдеткіш жобасын ұсынды
2 жыл бұрын 1434 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Молекулалық биологтар саңырауқұлақтар қоршаған ортаға қарағанда салқын температураны мейлінше тиімді сақтайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саңырауқұлақты бөлмелерді салқындату үшін экологиялық таза желдеткіш ретінде пайдалануға болады. Ғалымдар саңырауқұлақтарды тепловизор арқылы тексеріп, температура айырмашылығын бақылаған. Олардың қоршаған ортасынан әдетте бірнеше градуспен ерекшеленетінін анықтады. Зерттеушілер саңырауқұлақтардың булану арқылы салқындатылатынын, яғни, салқын күйге енетінін анықтады. Олардың құрылымы судың айтарлықтай мөлшерін ұстап тұруға мүмкіндік береді, яғни,  қақпақтардың (қалпақтарының) астыңғы жағы арқылы баяу және біркелкі шығарылады. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында шампиньондардың (саңырауқұлақ түрі) шағын бөлменің температурасын жарты сағат бойы шамамен 10 ° C төмен ұстайтыны белгілі болды.

Ұқсас материалдар:

«Желдеткішті алмастыратын көбік жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jeldetkishti-almastyratyn-kobik-jasaldy-16873/#gsc.tab=0);

«Желдеткіштің баламасы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jeldetkishtin-balamasy-jasaldy-1100/#gsc.tab=0);

«Ауаны салқындатудың жаңа әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auany-salqyndatudyn-jana-adisi-tabyldy-18029/#gsc.tab=0);

«Бамбуктен ауаны салқындататын мұнара салынды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/bambukten-auany-salqyndatatyn-munara-salyndy-fotovideo-17560/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат