Биологтер нақты уақыт аралығында дененің молекула деңгейінде қалай өсетінін көрсетті (видео)
Биологтер нақты уақыт аралығында дененің молекула деңгейінде қалай өсетінін көрсетті (видео)
2 жыл бұрын 2382 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Molecular Biology of the Cell (2022). DOI: 10.1091/mbc.E21-11-0537

Бұл тараптағы зерттеу аясында ғалымдар дернәсілден (личинка) дамып келе жатқан жеміс шыбынының жасушаларын зерттеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материлы жарияланған Molecular Biology of the Cell мерзімді басылымына және molbiolcell.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дюка университетінің биологтері жасушалар мен оның ішінде не болып жатқанын зерттейді. Жасу ішіндегі процестер дененің пайда болуы мен жетілуіне жауапты. Нақты уақыт аралығында көрудің (визуалдау) жаңа әдісі жасуша ішіндегі кейбір нанокөлемдегі конструкциялардың қалай қалыптасатынын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта ғалымдар дамып келе жатқан жеміс шыбынының жасушаларының ішіне үңілген екен.  Оның өсу процесі жасуша бетінің астындағы ақуыз талшықтарының жұқа желісімен үйлестіріледі, олардың әрқайсысы адам шашынан 10 000 есе жұқа. Олар бетондағы арматура сияқты әрекет ету арқылы жасушалардың пішінін сақтауға көмектеседі, деп түсіндіреді ғалымдар. Бұл талшшықтардың арматурадан айырмашылығы – ұдайы қозғалыста болады әрі өзгеріп отырады. Әдетте мұндай бөлшектер тым кішкентай болғандықтан олардың әрекетін бақылау қиынға соғады:  секундына бірнеше суретті ғана қабылдай алатын кәдімгі микроскоптармен бақылау, байқау, тіпті, мүмкін емес. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары бұл бағытта жекелеген наноөлшемді талшықтарды қадағалау үшін мүмкіндігі жоғары флуоресцентті микроскопияны пайдаланған. Бақылаудың бұл түрі арқылы ғалымдар жаралардың қалай жазылатынын және ерін жырығының (қоянжырық) және жұлынның бифида сияқты туа бітті ақаулары бар балаларда ауытқулардың қалай дамитынын жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат