Билік адамның миын өзгертеді
Билік адамның миын өзгертеді
4 жыл бұрын 5282 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары жүргізілген бұл бағыттағы түрлі зерттеу нәтижелері көрсеткендей, билік адамның миын зақымдайтын болып шықты. Дәлірегі, мидың маңдай тұсындағы бөлігін зақымдайды. Бұл жайында islam.kz порталы The Atlantic мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал мидың зақымдалуы, медициналық тәжірибеден белгілі болғандай, өз кезегінде көптеген жағдайда эмпатияның жоғалуына апарып соқтырады. Яғни, өзгелердің жай-күйін ұғудан, жанашырлықтан айырады.  Сол себепті, қолына билік тізгіні тиген адам бірыңғайда миына зақым келген науқасқа ұқсайды. Қолына билік тиген адам өзін біршама құдыретті сезінеді, дәлірегі, салыстырмалы түрде ешкімге кіріптар емес, сол себепті де ол өзгелермен арадағы қарым-қатынасын жоғалтып алып жатады. Психологтердің айтуынша, бұл түбінде тұлғаны әлеуметтік апатқа ұшыратады. Бара-бара өзгелердің жай-күйіне назар аударуды қойып, тасбауыр адамға айналуы да мүмкін. Бұл айтылғандардың бөлек 2016 жылдың ақпан айында Journal of Finance мерзімді басылымында билікке қатысы бар өзгеше зерттеу нәтижесі жарияланған болатын: балалық шағында адам шығыны көп стихиялық, яғни, табиғи апаттарды басынан өткерген компания басшыларының шешім қабылдарда қауіп-қатерге көп бас тігетіні анықталған екен.

0 пікір
Мұрағат