Белсіздікке ұшыраған ер адамды жүрісіне қарап анықтаудың тәсілі табылды
Белсіздікке ұшыраған ер адамды жүрісіне қарап анықтаудың тәсілі табылды
4 жыл бұрын 36387 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон мамандары имптотенцияны ер адамның жүрісіне қарап анықтауға болатынын айтып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal Of Sexual Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында Хирокаки университетінің ғалымдары тәжірибеге өз еркімен қатысқан 300-ден аса ер-азаматтың жүрісін қадағалап, ерекшелігін сараптаған екен. Күншығыс елінің мамандары зерттеу кезінде тәжірибеге қатысушылардың бойының ұзындығы мен адымының арақатынасын қаперге алып, белгілі бір қашықтықтағы жүрісінің жылдамдығына, табанын жерден қанша биіктікке көтеретіндігіне назар аударған. Содан соң тәжірибеге қатысушы ер-азаматтарды 5 балды жүйе бойынша Халықаралық эректилді функция индексінің көмегімен бағалап, оларды екі топқа бөлген – симптомдарына (ауыр және жеңіл) қарай. Нәтижелерді сараптай келе ғалымдар қысқа адым мен эректилді функция арасында байланыс барын анықтаған екен. Адымын қысқа алатындардың 40 пайызының белсіздіктен зардап шегетіні, яғни, ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылғаны белгілі болды. Ғалымдардың айтуынша, бәрі жамбас қабатының бұлшық еттеріне байланысты – күшті бұлшық ет эрекцияның жетілуі мен сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мамандар эректилді функцияның бұзылуына қимыл-қозғалысы аз өмір салты да кері әсерін тигізетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат