Бауыр адаммен бірге қартаймайды: оның жасы шамамен үште болады – зерттеу
Бауыр адаммен бірге қартаймайды: оның жасы шамамен үште болады – зерттеу
3 жыл бұрын 2340 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бауыр маңызды ағзалардың бірі – қанды улы заттардан тазарту барысында зақымдалады да жатады. Соған қарамастан аталмыш ағза регенерацияға бейім, яғни, қалпына келу, жасару қабілеті жоғары ағза ретінде алға шығады. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіпті, жасы ұлғайған адамның бауырында да ұдайы регенерация процесінде үзіліс болмайды. 20-84 жас аралығындағы бақилық болған 33 адамның бауырына радиокөміртекті талдау жүргізген неміс ғалымдарының тұжырымы осындай. Ұдайы жас қалпында қалса да бауырдағы жасушалардың барлығы бір-біріне «құрдас» бола бермейді, кейбіреулері жыл сайын жаңарса, енді біреулері ондаған жылға дейін жойылмайды.

Ұқсас материал:

"Денеден ажыратылған бауырды мұздатпай үш күн бойы тірі сақтауға болатын әдіс табылды" (https://islam.kz/kk/news/madeniet/deneden-ajyratylgan-bauyrdy-muzdatpai-ush-kun-boiy-tiri-saqtauga-bolatyn-adis-tabyldy-16887/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат