Бақшадағы зиянкес жәндіктермен экологиялық жолмен күресудің тәсілі айтылды
Бақшадағы зиянкес жәндіктермен экологиялық жолмен күресудің тәсілі айтылды
3 жыл бұрын 1402 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Justus de Cuveland / Globallookpress.com

Клаудиа Джексон есімді тәжірибесі мол бақша бағбаны бау-бақшадағы түрлі зиянкестермен экологияға залал келтіріп алмай күресудің тиімді жолын ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Sun мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның кеңесі бақша отырғызу кезеңі басталатын көктемде айтылып отыр. Бақша бағбаны бақша дақылдарын егу кезінде бақша өсімдіктерін зиянкестерден қорғау үшін химикаттарды пайжаланудан бас тартып, оның орнына насыбайгүлді қатар егуді ұсынып отыр. Өсімдікпен өнімді бүлдіретін қоңыз, күйе, құрт секілді жәндіктер мен паразиттерден құтылу үшін насыбайгүлдің бір түбін отырғызса жетіп жатыр. Оның адамға зияны жоғын алға тартуда. Бұдан бөлек, насыбайгүл қызанақтың дәмін арттыратын қасиеті барын да жеткізді. Ал сарымсақ пен пияздың қырыққабатты күйе мен құрттан қорғайтынын да ұмыт қалдырмады.

0 пікір
Мұрағат