Бактерияның ең төзімді түрлеріне қарсы гибридті антибиотик жасалды
Бактерияның ең төзімді түрлеріне қарсы гибридті антибиотик жасалды
5 жыл бұрын 3573 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдар белгілі екі дәріні араластырып, бактерияның ең төзімді түрлеріне биопленка формасында тиімді құрал ала білді. Бұл жайында Квисленд технологилық университетінің баспасөз хабарламасында айтылған. Бактерия биопленкасы медицинадағы еңсерілуі қиын проблемалардың бірінен саналады. Осындай формада бірігетін олар көптеген антибактериалды агенттерге бой бермейді. Олар медициналық құралдарға, кататерлерге, жасанды буынға, имплантаттарға қонып, күйік шалған немесе жарақат түскен жерді зақымдайды, ағзада созылмалы инфекцияның қайнар көзіне айналады. Осыны ескерген ғалымдар стафилококтың биопленкасын тура мағынасында алдай алатын антибиотиктің гибридті түрін жасады. Қалай алдайды дегенге келсек, стафилококты қорғаныш жасушасынан босатып, биопленканың қорғаныш әрі шырышты қабатынан  өтуіне ол ашады. Бұл бактерияның жойылуына мүмкіндік береді. Супер дәрінің молекуласы бактерияның төзімді түрлеріне антибиотиктің енуіне мүмкіндік беретін, кеңінен қолданылатын ципрофлоксацин мен нитроксидтің комбинациясынан тұрады.

0 пікір
Мұрағат