Бактерия төтеп бере алмайтын антибиотик жасалды
Бактерия төтеп бере алмайтын антибиотик жасалды
5 жыл бұрын 4675 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар осы күні қолданылып жүрген ең тиімді деген дәрі-дәрмек пен емдеу шараларына бой бермейтін бактерияларды жоятын әрі ауру тудыратын микроорганизмдер төзімділік танытуға қабілетсіз антибиотик жасады. Бұл жайында Cell мерзімді басылымы мәлім етті. Аталмыш препарат SCH-79797 қосындысы негізінде жасалған. Ол бір мезетте бірнеше бағытта тиімділік таныта алады. Атап айтқанда, бактерия қабырғасынан өтіп, оның жасушасындағы фолилік қышқылды зақымдайды.  Аталған зерттеуге жетекшілік еткен профессор Земер Гитай осындай мәлімдеме жасады. Ғалым антибиотикті улы жебеге теңеді: сырттан да, іштен де бактерияға соққы бере алады. «Иррезистин» деген атау берілген антибиотиктің тиімділігі Neisseria gonorrhoeae тударытын гонореяға (жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялық ауру) қарсы қолданғанда дәлелденді.

0 пікір
Мұрағат