Бактерия иммунитеті адам ДНҚ-дағы өзгерісті қадағалауға көмектеседі
Бактерия иммунитеті адам ДНҚ-дағы өзгерісті қадағалауға көмектеседі
3 жыл бұрын 1931 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дарем университетінің биологтері Ливерпул және Нортумби жоғарғы оқу орындарының, сондай-ақ, Жаңа Англия зертханасындағы әріптестерімен біріге отырып, бактерияның қорғаныс жүйесін зерделеді. Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар осылайша адам геніндегі өзгерістерді қадағалауға болатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nucleic Acids Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, екі жүйе бактерияны бактериофагтан қорғай отырып, бір-бірін толықтыратын болып шықты: біріншісі ДНҚ өзгерісі орын алмаған вирустарды залалсыздандырады. Ал екіншісі алғашқы қорғаныштан қашу үшін өзінің ДНҚ-сын өзгерте алатын бактериофагты жояды. Ғалымдар бұл жүйені BrxU деп атады. Ол вирус ДНҚ-сындағы өзгерісті танып, бактериофагқа төтеп беруі үшін өз ДНҚ-сын өзгерте отырып, бактерияны қорғайды. BrxU жүйесі танитын мұндай ДНҚ өзгерісі адам генінде қатерлі ісікке шалдыққанда және нейродегенеравтивті аурулар барысында пайда болады. «Вирустардың модификацияланған ДНҚ -ны тану қабілетінің маңызы зор, өйткені, мұндай өзгерістер адам генінде орын алады ғой. Бұл қосымша ақпарат қабаты...»,-деп түсіндірді осынау зерттеуге атсалысқан Дарем университетінің биология ғылымы факултетінің Листер инстиутының ғылыми қызметкері әрі доцент Тим Блауэр.

0 пікір
Мұрағат