Ауаны суға айналдыратын құрылғы жасалды
Ауаны суға айналдыратын құрылғы жасалды
4 жыл бұрын 3312 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Болашақтағы ықтимал соғыс су ресурсы үшін жүруі мүмкін екенін айтады сарапшылар. Адамзат қарасының көбеюі мен жаһандық жылынудан аталған проблема жылдан жылға қордаланып келеді. Осы проблеманы шешу үшін Сингапур ұлттық университетінің (NUS) ғалымдары сырттан қандай да бір энергияны қажет етпей-ақ ауаны суға айналдыратын зат ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы advances.sciencemag.org ақпарат көзіне сілтеме асай отырып мәлім етеді.  Атмосфера – тұшшы судың қайнар көзі, егер жолын тапсаң. Ғалымдардың есебіне қарағанда, атмосферадан бір жарым триллион оимпиадиялық бассейн мөлшерінде су алуға болады. Атмосферадағы осынау қайнар көзден су алу үшін NUS-тың электротехника және есептеуіш техника бөлімінің профессоры Хо Гим Вей жетекшілік еткен ғалымдар ерекше аэрогел ойлап тапты. Салмағы жоқ, оған жиналған суды шығару үшін қысудың да қажеті болмайды. Сондай-ақ, оның жұмыс істеуі үшін қандай да бір батарейка немесе аккумулятор де қажет емес. Аталған аэрогел ауадан су солекулаларын өз бетінше жинап, оны сұйықтыққа айналдырады. Сингапурлық ғалымдардың бұл құрылғысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ауызсуға қатысты талаптарына толық жауап бере алады. Әлбетте, осы уақытқа дейін ауадан су алудың басқа да құрылғылары немесе қондырғылары жасалған Алайда, оларға тән бір кемшілік – олар энергияны қажет етеді. Бұл су өндіру технологиясын қымбатқа түсіреді. Яғни, тиімділігі төмен. NUS ғалымдарының бұл жаңалығы Science Advances мерзімді басылымында жарияланды. Қазіргі уақытта ғалымдар оны үй шаруашылығында әне өнеркәсіпте қолданып көрудің жолдарын қарастырып жатыр.

Ауаны суға айналдыратын құрылғы жасалды

0 пікір
Мұрағат