Ауадан тұшшы суды тез алуға мүмкіндік беретін гидрогел пайда болды
Ауадан тұшшы суды тез алуға мүмкіндік беретін гидрогел пайда болды
3 жыл бұрын 2519 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар құрамында гигроскрпикалық тұзы бар гидрогелдің көмегімен ауадан ылдам әрі мол, тұшшы су алудың жолдарын қарастырған екен. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Остиндегі Техас университетінің (АҚШ) Гуйхуа Иу есімді материалтанушы ғалымы мен оның тобы суды гигроскопиялық тұзбен «ұштастыратын», ауадан суды сіңіріп жинайтын, тұзды жатырқамайтын гидрогел ойлап тапты. Гидрогел суды өз салмағынан бірнеше есе артық суды сіңіріп, жинай алады. Оның негізін құрайтын полимер бұл процесс барысында созылып, ұлғая алады. Осы уақытқа дейін атмосферадағы ылғалды суға айналдыратын мұндай тәсіл тиімсіз болып келген еді, өйткені, көп уақытта алатын. Ылғалды сіңіру процесін гигроскопиялық тұзды пайдалану арқылы жақсартуға болады. Алайда, тұз бен гидрогел бір-бірін жатырқайтын қасиетке ие. Ғалымдар оларды «сабақтастыру» жолын тапты. Осындай әдіске жүгінген ғалымдар бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында ауадан бір келі гидрогелмен оның салмағына шаққанда, яғни, бір келі материалға 6 литр су ала алған ауадан. Бұл процеске тұп-тура бір тәулік, яғни, 24 сағат кеткен екен. Ал ауаның ылғалдылығы салыстырмалы түрде 30%-дан аспаған. Жаңа гидрогелдің негізі цвиттериондық молекулалардан жасалған полимерден тұрады. Поливиттериондар оң және теріс зарядталған функционалдық топтарға ие, бұл полимердің тұзға сезімтал болуына көмектесті. Бастапқыда полимердегі молекулярлық байланыс тығыз болған еді, ғалымдар осыны ескеріп, лития хлоридасын (тұзды) үстеді, яғни, қосты, нәтижесінде тығыздығы азайып, кеуекті гидрогел пайда болды. Бұл гидрогел өз кезегінде құрғақшылық аймақтарда суды жинауға көмектесетін болады.

0 пікір
Мұрағат