Ауадан су өндіру технологиясы пайда болуы мүмкін немесе тұшшы су тапшылығының алдын алудың жаңа әдісі табылды
Ауадан су өндіру технологиясы пайда болуы мүмкін немесе тұшшы су тапшылығының алдын алудың жаңа әдісі табылды
2 жыл бұрын 2809 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Техас университетінің ғалымдары ауадан су алуға болатын технологияны ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауадан су алу технологиясы жетілдірілуі үшін біршама уақыт кетеді. Күндердің күнінде ғалымдар адамзаттың ауызсу тапшылығын еңсеруге мүмкіндік беретін, дәлірегі, кез келген уақытта және кез келген жерде ауадан су алуға болатын портативті құрылғы жасайтын болады. Бұл арада орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесін турасында сөз болып отыр - халықты су тазарту қондырғылары мен су қоймаларын пайдаланбай-ақ сумен қамтамасыз ету технологиясы пайда болуы мүмкін. Соңғы 10 жыл бойы ғалымдар конденсация  деп аталатын табиғи процестің көмегімен таза суға қол жеткізуді алдына мақсат етіп қойды. Егер жылы су буын тарту арқылы қандай да бір заттың бетін салқындата алса, бұл процесс барысында су тамшыға айналып, жинауға мүмкіндік туады. Заманауи су жинау технологияларын бәсеңдететін нәрселердің бірі - су тамшылары келесі тамшылардың пайда болуына мүмкіндік бермейді, яғни, тамшыны жинау мәселесі кедергі келтіреді. Dai су жинау жүйесі конденсация үшін жылы су буын тартуға құрылғы бетін суық ұстауға негізделген. Бұл энергияны қажет етеді, яғни, тиімсіз. Ғалымдар осы қиындықты еңсеру үшін тер төгіп жүр. Аталған технология, сонымен қатар, суды өндіру үшін ауада будың болуына негізделген, яғни, оны аптап ыстық орнайтын құрғақ климатта пайдалану тиімсіз.

Тұшшы су тапшылығының алдын алудың жаңа әдісі табылды

Зерттеушілер «жауын-шашынды басқаруға» және мұхит бетінен тұщы су жинауға көмектесетін арнайы қондырғы әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Gizmodo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы бірнеше он жылда ғалымдар жаһандық жылынудан орын алған климаттық өзгерістердің салдары мен зардаптарын еңсеруге күш салып жатыр. Бұл тарапта құрғақшылыққа байланысты тұшшы су қорының азаю қатерімен кейбір аймақтар таяу жылдары бетпе-бет келуі мүмкін – ғалымдар тұщы су тапшылығынан шығудың жолын тапқан сияқты. Тұшшы су көзіне қол жеткізуге көмектесетін біргей жобалардың қатарында Урбан-Шампейндегі Иллинойс университеті ғалымдарының мұхит бетінен жоғары бу түзілудің табиғи процесін пайдалануды көздейтін жобаны жатқызуға болады. Зерттеушілер арнайы қондырғыларды, әсіресе, ылғал тапшы өңірлерде орналастыруға болады және осылайша тұщы су тапшылығы мәселесін шеше алады, деп есептейді. 

0 пікір
Мұрағат