Ауа райының ауруға төзуге қалай әсер ететіні анықталды
Ауа райының ауруға төзуге қалай әсер ететіні анықталды
3 жыл бұрын 1995 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың тұжырымынша, ауа райы ауруға төзуге көмектесетін болып шықты. Норвегиядағы биологтерлдің бұл тараптағы тәжірибе нәтиежесі көрсеткендей, адамның түрлі ауруға төтеп беру қабілетіне себептік тұрғыдан, бір келкі емес және динамикалық тұрғыдан әсер етеді. Бұл жайында islam.kz порталы journals.lww.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Норвегиядағы Арктика жоғарғы оқу орнының, Осло қаласындағы университет емханасының және Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау институтының мамандары түрлі климаттың адамның ауруға төтеп беру қабілетіне әсер етеді дейтін кеңінен тараған гипотезаны (жорамалды) тәжірибе жүзінде тексеріп круге бел байлаған екен. Расымен де ауа райы ауруға қатысты адамның толеранттылығына әсер ететін болып шықты. Сарапшылар Норвегиядағы Тромсо қаласы тұрғындарының бұрынғы зерттеу деректерін зерделеген болатын. Норвегияда жауын-шашын мол түседі, алайда, тау жергілікті табиғат пен адамды арктиканың өкпек желінен қорғайды. Аталған қаланың 19 мыңға тарта тұрғыны бір жарым жыл бойы медициналық тексеруден және екі тестен өтті  - аяқтың төменгі жағын арнайы манжетпен қысқан кездегі және суықтан кейін ауруға төзімділігі бойынша. Адамдар қолын суық суға салғанда ауруға қаншалықты  төзетінін де байқап көрген екен. Аталмыш тәжірибе барысында осы кезеңдегі ауа райы туралы мәліметтер, атап айтқанда, температура, атмосфералық қысым, жаңбыр, ылғалдың салыстырмалы деңгейі, желдің екпіні (жылдамдығы) ескерілді. Нәтижесінде ғалымдар ауруға тзімділік пен метеорологиялық факторлар арасында тікелей байланыс барын анықтады. Мәселен, тәжірибеге қатысқандар ауа райы суықта суық суда қолын ұзағырақ малып, суыққа бейімделгенін танытқан. Ал аяқты қысып ұстау тестінен сүрінбей өтуге көбіне атмосфералық қысым мен ауа температурасы әсер еткен. Ғалымдардың тұжырымынша, ауруға тзімділіктің себебі адам организімінің негізгі тетіктерінде жатыр. Мәселен, атмосфералық құбылыстар, сондай-ақ, ауа температурасы мен қысым ауруды еңсеруде белсенді әрекетке көшетін мидың жауапты бөлігіне әсер ете алады. Тағы бір тұжырым бойынша ауа райы адамдардың психологиядық жай-күйіне де әсерін тигізеді, ал бұл жайт адамның ауруға тзімділігінің деңгейін айқындайды.

0 пікір
Мұрағат