Асқазанға орнатылатын лазерлі импалант семіздікпен күресуге көмектеседі
Асқазанға орнатылатын лазерлі импалант семіздікпен күресуге көмектеседі
3 жыл бұрын 1988 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореядағы католик университетінің ғалымдары адамның тәбетін ашатын әрі қанығу (тойыну) сезіміне жауапты грелин гормонын  төмендететін технология ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш гормон негізінен асқазанның үстіңгі жағындағы жасушалар істеп шығарады. Корей ғалымдары артық салмақтан зардап шегетіндердің арықтауы үшін осы жасушаларды өздерінің технологиясымен уақыттша жоюды ұсынып отыр. Организм артық салмақтан арылған соң аталмыш жасушалар қалпына келеді әрі адамның тәбеті де қайтып оралады. Ғалымдар бұл тарапта жасушаларды абайлап жою үшін асқазанға хирургиялық емес әдіспен, кесуді  қажет етпейтін модификацияланған гастроэндоскопты пайдаланды. Дәлірегі, эндоскопқа «метил көк» деп аталатын затпен қапталған пластинкаңа бағытталған қуаты төмен лазерді бекітті. Лазер сәулесінің әсерінен кәдімгі оттегінің белсенді нұсқасы болып табылатын «синглетті оттегі» деп аталатын зат бөлінеді. Синглетті оттегімен жанасқанда тірі жасуша тез жойылады, сол себепті, бұл процедура ұзақ уақыт алмайды, содан соң эндоскоп асқазаннан шығарылады. Аман қалған аз жасуша грелинді аз бөлетін болады, бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, аталмыш технология қолданылған жануар дене салмағының 50 пайызына дейін арылған. Бұл орайда лазерлік сәуле сенастарын емдеу режиміміне қарай есептеп, артық салмақтан арылуына көмектесуге болады.

0 пікір
Мұрағат