"Аспан жерге құлап келеді"
"Аспан жерге құлап келеді"
7 жыл бұрын 17728 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, "аспан жерге құлап келеді" - бұлттардың биіктігі жылдан жылға кеміп келеді. 2000-2010 жылдар аралығында НАСА-ның "Терра" жасанды жер серігінің көмегімен бұлттың биіктігі бақыланған еді. Егер бұлттың төмендеуі одан ары жалғаса беретін болса, бұл өз кезегінде климаттың өзгеруін айтарлықтай жылдамдатады. Тарқатып айтқанда, 1999 жылдан америкалық "Терра" метеоспутник бортынан көп қырлы радиоспектрометрдің көмегімен алынған мәліметтерден белгілі болғандай, бұлт жамылғысының биіктігі аталған жылдар ішінде "нөлден" орташа есеппен алғанда бір пайызға кеміген. Түсінікті тілмен айтқанда, бұлттың орташа әрі барынша биіктігі 30-40 метрге азайған. Десе де табиғаттың бұл тосын құбылысы ғалымдарға жұмбақ күйінде қалып отыр. "Біз бұлт жамылғысы биіктігінің нақты кему себебін білмейміз. Десе де бұл бұлтты қалыптастыратын ауа циркуляциясымен байланысты болуы мүмкін",- деді өз топшылауын айтқан Жаңа Зеландиядағы Окланд университетінің метеорологы Роджер Дэвис. Мамандардың тағы бір тұжырымы бойынша жер бетін салқындатуы үшін бұлт төмендеуі мүмкін. Өйткені, жаһандық жылынудан ауа температурасы көтеріліп келеді. Осылайша бұлт өз кезегінде климатты реттеу функциясын орындауы ықтимал. Бұдан бөлек, соңғы жылдары бұлттың төмендеуі ғана байқалып қоймаған, сонымен қатар, бұлттың түзілуі кеміп барады. Бұл да ғалымдарды алаңдатып отыр. Бұл тақырыптағы мақалы Geophysical Research Letters мерзімді басылымында жарияланған. 

0 пікір
Мұрағат