Аштық ауруды басады
Аштық ауруды басады
5 жыл бұрын 5134 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Аштықтың  созылмалы ауруларды басатын ең тиімді тәсілдердің бірі екеніне көз жеткізді ғалымдар. Бұл жағынан алғанда аштық анагельтик немесе опиат секілді ауруды сезіндірмейтін дәрілерден кем түспейді. Бұл жайындағы мақала Cell мерзімді басылымында жарияланды. Пенсильвания университетінің нейрофизиологы Эмбер Алхадефф аштықтың ауруды басуға қатысы бары үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айта келіп, тәжірибе жүргізілетін тышқандарды қадағалау барысында бұл шындыққа көз жеткізгенін тілге тиек етті. Жарақат алған тышқанның жанына батқан ауырсынудан жатып қалмай қорек іздеп тыным таппағанын да жеткізді. Осы орайда аштық сезімінің адам мен күллі тіршілік иелері үшн организмді қатерден сақтандыратын ең әмбебап сигнал екенін айта кету керек. Талай жылдар бойы ғалымдар аштықты жер бетіндегі адамнан бастап күллі тіршілік иелері жасы мен жынысына қарамастан бірдей сезінеді, деп топшылап келген болатын. Алайда, шындығында олай емес. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын канадалық нейрофизиологтар ерлер мен әйелдердің ауруды түрлі жүйке жасушаларымен сезінетінін анықтады. Бұдан бөлек, созылмалы аурулардың олардың іс-әрекетіне,  соның ішінде жыныстық инстиктісіне тигізер әсерінің де бірдей болмайтынын білді. Мұндай жаңалық ғалымдарда мынадай сауал тудырды: ауырсыну сезімі қоршаған ортаны қабылдауға қалай әсер етеді? Эмбер Алхадефф пен оның әріптестері тышқандардың іс-әрекетін бақылай отырып, аштық және тойыну сезімдерін басқаратын жүйке жасушаларымен жұмыс істеу кезінде мұндай байланыстардың бір көрінісіне кездейсоқ куә болды. Олардың күндізгі ашығуға реакциясын қадағалау барысында тәжірибенің бастапқы кезінде тышқандардың жарақатталған жерін жалауды азайтқанын байқайды. Аталмыш құбылысты аша отырып, келесі кезекті кеміргіштердің миындағы ауырсыну сезіміне жауапты орталықпен байланыстыратын нейрондар тізбегін табуға талпынды. Ол үшін ғалымдар нейрондардың бір бөлігіне жарық түсіргенде бұл жасушаларды мәжбүрлі түрде қосатын және ажырататын ерекше ретровирус жұқтырып көрді. Содан соң оларға алма-кезек жарық түсіріп көрді. Жағымсыз сезім «аштық орталығы» рөлін ойнайтын мидың терең қатпарындағы гипоталамустың ерекше бөлігінің жасушасы - AgRP-нейронының белсенділігін басып тастады. Оларды мәжбүрлі түрде қосқанда тышқандардың тоқ болған кезде де ауырсыну сезімін толық бұғаттап тастады. Десе де аталмыш зерттеу бойынша Эмбер Алхадеффтің әріптесі Николас Бетли адамның миында нейрондардың мұндай тізбегі бар-жоғын әрі оны белсендіру арқылы ауырсыну сезімін толық бұғаттауға болатынын немесе болмайтынын анықтау керектігін алға тартып отыр. Десе де олардың бұл жаңалығы мен аталған жасушаларға әсер ете алатын дәрі жасау созылмалы аурулармен күресудің алғашқы тиімді әдісі бола алады.

0 пікір
Мұрағат