Ас атасы нан емес, картоп – зерттеу
|
Өзге тағам түрлері, соның ішінде күллі адамзат кеңінен тұтынатын нан да жоғалса, олардың орнын толтыратын, яғни, күллі азық-түлікті алмастыратын қорек көзі - картоп. Ғалымдардың тұжырымы осындай. Бұл жайында islam.kz порталы Quora (quora.com сайты) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар неге мұндай тұжырымға келіп отыр? Картопта барлық азық пен жеміс-жидекте кездесетін элементтер бар. Оның үстіне, ол адамзат қол жеткізе алатын ең арзан азық. Дәрігер Люсия Гарсианың айтуынша, адам организіміне қажетті дәрумендер алуы үшін түрлі азықты тұтынуға мәжбүр. Бірыңғай етпен қоректенген адам май мен ақуызға қаныққанымен көміртек пен өзге де қоректік талшықтардан қағылады. Бұл өз кезегінде созылмалы аурулардың өршуіне алып келмек. Ал көміртектің жетіспеушілігінен қан құрамындағы қанттың деңгейі төмен түсіп кетеді, т.б. Ал ас талшықтары жетіспесе, асқазан-ішек жолдары зардап шегеді. Тек бірыңғай нан, дәнді дақылдар, жеміс-жидек пен көкөністі (бұлардың барлығы көміртек пен дәрумендерге бай) тұтыну май мен ақуыздардың жетіспеушілігіне апарып соқтырады. Организмде ақуыз бен май жетіспесе, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектесетін иммунитет төмендейді. Ал кароптың құрамында көміртек те, тағам талшықтары да, дәрумендер де, минералдар да, ақуыздар да, тіпті, май да кездеседі.