Артық салмақтың бауырға кері әсері анықталды
Артық салмақтың бауырға кері әсері анықталды
9 ай бұрын 837 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Motortion Films / Shutterstock / Fotodom

Токио университетінің (Жапония) ғалымдары артық салмақтың бауырға күш түсіретінін, дәлірегі, бауыр ағзасындағы зат алмасу процесін өзгертетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы зерттеу материалы жарияланған iScience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тәжірибе барысында семіздіктен зардап шегетін тышқан мен салмағы қалыпты кеміргіштің бауырларын салыстырып көрген екен. Салмағы қалыпты тышқандарда аллостериялық реттеу тетігі (метаболизмді бақылайтын процесс) қоректенген кезінде басылып, ашыққан кезде белсенді режимге ауысатыны байқалған. Ал семіз тышқандарда аллостериялық реттеу тетігі керісінше қоректену кезінде жоғарылап, ашыққан кезінде төмендеген. Бұл жайт өз кезегінде аталмыш ағзаның зат алмасу қабілетін кемітетін болып шықты. Қоректенген кезде бауыр энергия қорын жинайды, содан кейін қажет болған жағдайда энергияны босатады. Бұл жүйе «метаболикалық гомеостаз» деп аталады.Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тек бауырдағы зат алмасу процесі бұзылып қоймай, сонымен бірге, бүкіл организмнің метаболикалық циклдерін өзгерткен.

0 пікір
Мұрағат