Артық салмақтан зардап шегетін науқастардың сусамыр дертіне шалдығу себептерінің бірі анықталды
Артық салмақтан зардап шегетін науқастардың сусамыр дертіне шалдығу себептерінің бірі анықталды
2 минут бұрын 3 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Кескін: MPI for Heart and Lung Research

Адреномедуллин гормоны (Адреномедуллин - әр түрлі физиологиялық процестерде маңызды рөл атқаратын бүйрек үстіндегі ми заты бөлетін көп функциялы пептид. Ол вазодилатацияға ықпал етеді, қан қысымын төмендетеді және тамыр тонусын реттейді. Адреномедуллин, сондай-ақ, қабынуға қарсы қасиеттерге ие және ангиогенезге, қан тамырларын қорғауға және эндотелийдің тұтастығын сақтауға қатысады - meduniver.com дерек көзінен) қан тамырларындағы инсулиннің әсерін бөгеп немесе бұғаттап, оның тінге түсуіне жол бермейді. Бұл жайында islam.kz порталы Science ғылыми зерттеу мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Макс Планк қоғамының Жүрек және өкпе зерттеу институтының ғалымдары адреномедуллин гормонының артық салмақтан хардап шегетін адамдардың бойында 2 типті диабеттің дамуында негізгі рөл атқаратынын анықтады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, гормон қан тамырларында инсулиннің әсерін тежейді. Аталмыш жаңалық қан тамырларының қалыпты жұмысын қалпына келтіруге бағытталған сусамыр дертін емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге көмектеседі. 2 типті диабет - семіздікпен байланысты ең көп таралған аурулардың бірі. Бұл диагнозы бар он пациенттің тоғызында артық салмақ жасушалардың инсулинге сезімталдығының төмендеуіне әкеледі, ал бұл процесс қан құрамындағы қант деңгейінің артуына әкеледі. Неміс ғалымдары бұл үдерісте қан тамырлары маңызды рөл атқаратынын анықтады. Олар семіздік кезінде деңгейі көтерілетін адреномедуллин гормонының тамырлардың ішкі қабаты - эндотелийдегі рецепторларды белсендіретінін анықтады. Нәтижесінде қан тамырлары инсулинге жеткілікті деңгейде жауап қату қабілетін жоғалтады, осылайша оның глюкоза деңгейін төмендетуі тиіс тіндерге түсуіне кедергі келтіреді. Тышқандарға жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар калориясы жоғары диетадан туындаған семіздігі бар жануарлардың эндотелиядағы рецепторларының белсенділігінің төмендеуінен инсулинге сезімталдығын біртіндеп жоғалтқанын анықтады. Мұндай кеміргіштердің организімінен адреномедуллин рецепторын алып тастағанда қан айналымы қалпына келген. Осылайша глюкозаның сіңуін жақсартып, қандағы қант деңгейін төмендетті. «Бұл жаңалық қант деңгейіне ғана емес, қан тамырларының жай-күйіне де бағытталатын диабет дертін емдеу әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді аталмыш зерттеуге атсалысқан Хааглим Чо есімді ғалым. Ғалымдар адреномедуллиннің әсерін тоқтатып, қан тамырларына инсулинді жіберу қабілетін қайтаратын дәрі-дәрмектерді жасауға талпынатын болады.

0 пікір
Мұрағат