|
Жердегі су айналымының тепе-теңдігі бұзылды – қатері қандай?
|
Жылыну процесі булану процесін күшейтеді, ал жерасты суларын тұтыну өз кезегінде тұшшы су қорларының атмосфераға және мұхитқа ауысуын жеделдетеді. Бұл жайында islam.kz порталы press.uni-mainz.de сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) 2026 жылдың қыркүйек айында 2025 жылғы әлемдік су ресурстарының жай-күйі туралы жаңа есепті жариялады. Аталған ұйым мәліметінше, Жер бетіндегі су айналымы барған сайын тұрақсыз сипат алып келеді: кейбір өңірлерде құрғақшылыққа, өзе аймақтарда су тасқынына тап болады, ал құрлықтағы судың жалпы қоры сарқылмаса да азайып келеді.
Өзендерде су азаяды
Ғалымдардың айтуынша, құрлықтарда сақталатын судың көлемі біртіндеп кеміп келеді. Бұл құбылысты, әсіресе, өзен суларынан байқалады. 2021 жылдан бастап олардың судың жиынтық көлемі жыл сайын 1991-2020 жылдардағы орташа көрсеткіштен төмен болып отыр. 2025 жылы өзен арналарының 36% -да су тиісті кезең үшін нормадан аз болды.
Жер астында да осындай көрініс байқалады. Өткен жылы жерасты суларының деңгейі есепке енгізілген бақылау стансаларының орташа мәнінен 65% -ға төмен болды. Жерасты сулары топыраққа жауын-шашын түсу есебінен қалыптасады және адамдар мен экожүйелер үшін тұшшы судың басты көздерінің бірінен санналады.
Бұл бағыттағы дағдарыстың тағы бір себебі мұздықтармен байланысты: өткен жылы мұздақтар 400 гигатоннаға жуық салмақтан айырылды. Мұздықтардың еруі тұшшы су қорларын қысқартып қана қоймай, қауіпті табиғат құбылыстарының қатерін арттырады. Есепте, атап айтқанда, жақында болған Непал мен Тибеттегі апат осы ққатердің жарқын мысалы бола алады.
Жерасты суын пайдалану көрсеткіші артып барады
Су табиғатта айналымнан тысқары кетпейді. Алайда, су айналымында ақау су тапшылығының басты себебіне айналуы мүмкін. Кереғарлық мынада: жердегі су ешқайда кетпейді, қоршаған ортадағы айналымының тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты тұшшы судың көп бөлігі адам қол жете бермейтін аймаққа ығысады. Жаһандық жылыну судың булану процесін күшейткен сайын су атмосфераға таралады. Жерде су тапшылығы пайда болады. Адамзат жерасты суын белсенді түрде пайдалануға көшіп жатыр.
Судың температурасы алғаш рет өлшенді
ДСҰ-ның жаңа есебі осы уақытқа дейін дайындалған ең ауқымды есеп болып шықты. Оған алдыңғы басылымдарға қарағанда көп деректер қамтылған, ал зерттеушілер алғаш рет судың температурасын өз алдына бөлек, жеке талдаған екен. Сонымен, су температурасы артып келеді. Бұұл құбылыс тұшшы су сапасын төмендетеді.
Есепті дайындауға Франкфурттағы Гете атындағы университеттің, Кобленцтегі өзен ағысының ғаламдық дерекқоры орталығының және басқа да ғылыми ұйымдардың білікті мамандары қатысты. Райнецке зерттеу тобы бұл тарапта өздерінің моделдеу нәтижелерін ұсынған болатын, ал мұұндай мәлімет жерасты суларына қатысты деректерді бағалау әдістемесін әзірлеуге көмектесті және су ресурстарының жаһандық моделін жетілдіруге қатысты.
Мұндай моделдер құрлықтағы және жерасты суларын бір мезгілде ескеруге және климаттың өзгерісінің планетаның түрлі өңірлеріндегі тұшшы судың қорларына және оған қол жеткізу мүмкіндіктеріне қалай әсер ететінін бағалауға мүмкіндік береді