Арабтар ойлап тапқан күн батареясының артықшылығы неде
Арабтар ойлап тапқан күн батареясының артықшылығы неде
4 жыл бұрын 2568 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиядағы корол Абдолла атындағы ғылыми-технологиялық университет (KAUST) ғалымдары пішіні шар тәрізді күн батареясының өзгеше түрін жасады. Бұл батареяның ерекшелігі тек пішінінде емес - жұлдыздар шашқан жарықтан ғана энергия жинап қоймай, сонымен қатар, оның шағылысынан да энергия қалыптастыра алады. Бұл жайында islam.kz сайты Spectrum IEEE порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Араб ғалымдарының қолынан шыққан жаңа құрылғы ғарыш аппаратын фото-электрлі энергия көзімен қамтамасыз етеді. Зертханада жүргізілген сынақ нәтижесі көрсеткендей, өзгеше күн батареясының тиімділігі кәдімгі жалпақ панелге қарағанда 24–39%-ға жоғары. Сондай-ақ, жарық көзін көлегейлеу арқылы өндірілген электр энергиясының мөлшері де 60%-ға жоғары болып шықты. Десе де мамандар жалпақ әрі тегіс панелге қарағанда мұндай күн батареясын жасаудың машақаты көп екенін жеткізді. Ғалымдар ендігі жерде күн батареясын шарға айналдыру процесін автоматтандыру үшін роботталған қол құрастырмақ. Сонымен қатар, мамандар өздерінің бұл құрылғыларының экономикалық аспектісін бағалау үшін далада және зертханада тағы бір мәрте сынап көрмек.

0 пікір
Мұрағат