Араб ғалымдары ораза кезінде организмдегі су деңгейін қадағалайтын жүйе ойлап тапты
Араб ғалымдары ораза кезінде организмдегі су деңгейін қадағалайтын жүйе ойлап тапты
6 ай бұрын 839 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиядағы корол Абдалла атындағы ғылыми-зерттеу университетінің (KAUST) ғалымдары терінің сенсорлық экранмен өзара әрекетінің арқасында организмдегі су деңгейін қадағалауға мүмкіндік беретін жүйе ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде IEEE Sensors Journal мерзімді басылымына және android-robot.com ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тарық әл-Наффұр есімді инженер-электриктің жетекшілік еткен ғалымдардың бұл жүйесі қасиетті Рамазан айында ас-судан тыйылып, ауыз бекіткендердің организіміндегі су деңгейін қалағалауға мүмкіндік береді. Әсіресе, аптап ыстықта денсаулыққа қауіпті деңгейде ылғалдың төмендеуін ескертеді. Аталмыш жүйе, сондай-ақ, ұдайы қимыл-қозғалыстан терлеп, организмдегі ылғалдың көп мөлшерін жоғалтататын спортшыларға көмекші құрал бола алады. Араб ғалымдары бұл тарапта смартфон экрандарында қолданылатын кәдімге датчикті пайдаланған – терінің ылғалындағы болар-болмас өзгерістің өзін аңғаратын датчик турасында сөз болып отыр бұл арада. Саусақ ұшы датчикке жанасқанда организмдегі ылғалдылық деңгейіне қарай өзгеріп отыратын электр қуатын терінің қаншалықты сақтай алғанын тіркейді. Бұл жүйе нақты уақытта организмге ине енгізбей-ақ немесе қолға қандай да бір құрылғына тақпай-ақ, организмнің гидратациясын өлшеуге мүмкіндік береді. Ылғалдың жетіспеуінен болатын бас айналу, әлсіздік секілді кейде денсаулыққа залал келтіретін белгілер пайда болғанда сұйықтық ішуді ескертетін бұл жүйені 4000-нан аса адамда тексеріп көрген екен. Тәжірибеге қатысқандар арасында ауыз бекіткендері де, спортшылар да болды.

0 пікір
Мұрағат