Араб әйелдері ғылыми жетістігімен әлем қауымдастығын мойындатып келеді
Араб әйелдері ғылыми жетістігімен әлем қауымдастығын мойындатып келеді
4 жыл бұрын 3105 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиялық әйелдер ғылым саласында үлкен жетістіктерге жетіп, әлем қауымдастығының назарын аударуда. Таяуда саудиялық екі әйел ЮНЕСКО-ның жас таланттардың аймақтық бағдарламасының арнайы марапатына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Асрара Дамдам есімді 27 жастағы әйел пациенттің жүрек қағысын өлшеудің тың тәсілін ұсынып отыр, оның әдісі күрделі жүрек ауруларын барынша дәл анықтауға әрі тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Корол Абдолла атындағы ғылым және технология университетін (KAUST) 2018 жылдың тамыз айында тәмамдаған соң осы жаңалығын ашу жолында жатпай-тұрмай ізденеді. Ал ЮНЕСКО-ның сыйлығына ие болған екінші саудиялық әйелдің аты-жөні – Лама әл-Әбдінің зерттеу жұмысы ДНҚ мен ақуыздан тұратын әрі хромосомадағы затты - хроматинді (анықтамасы төменде берілген – ред.) және көздің көру қабілетімен байланысты генді зерттеуден тұрады. Жасы 30-дан асқан ол өзінің докторлық дәрежесі бойынша ізденіп, осы жобасын бастаған болатын. Оның зерттеуі ДНҚ-ның қоршаған орта әсерімен өзара байланысын өзгертуі мүмкін. Бұл өзгеріс ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін. Бұл өзгеріс ұрық генетикасында (эмбриогенезде, яғни, тұқым қуалауда), сусамыр мен семіздіктің алдын алуда, сондай-ақ, көздің кез келген ауруларының алдын алуда маңызды рөл ойнайды. Осылайша Лама әл-Әбді көздің көру қабілетіне теріс әсерін тигізетін мутация ұғымына айтарлықтай үлес қосып отыр.

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Jump to navigationJump to search

Хроматин - жасуша ядросының негізгі компоненті; оны интерфазалық ядродан немесе митотикалық хромосомадан бөліп алу айтарлықгай жеңіл. Ол үшін оның әлсіз иондық күші бар сулы ерітіндіде немесе жай деиоидалғаи суда ерітілген күйге көшетін қасиетін пайдаланылады, алайда бірден с.йық күйге емес, қоймалжың күйге ауысады. Мұндай препараттарды нағыз сұйық ерітіндіге айналдыру үшін сілку, араластыру және қосымша гомогенизация сияқты күшті механикалық эсерлерді кажет етеді. Осындай әсерлер, сондай-ақ оны ұсак фрагменттерге бөлшектегенде хроматиннің қалыпты құрылымының бұзылуына әкеледі, бірақ оның химиялық құрамы өзгеріссіз қалады. Әр түрлі объектілерден алынған хроматин фракциялары айтарлықтай ұқсас немесе бірдей компоненттер жиынтығынан тұратындығы анықталды. Интерфазалық ядродан алынған хроматиннің химиялық құрамы митотикалық хромосоманың хроматинінен аз мөлшерде ерекшеленеді. Хроматиннің негізгі компоненттері ДНҚ және белок, ақуыздардың ішінде негізгісі гистон және гистондық емес белоктар. Бөлініп алынған хроматиннің орташа шамамен 40%-ға жуығын ДНҚ және 60%-ға ақуыздар құрайды, барлық белоктардың ішінде ядролық арнайы белок- гистондар 40-тан 80%-ға дейінгі мөлшерін құрайды. Хроматинді фракцияның құрамына одан басқа, РНҚ, көмірсуларлипидтергликопротеидтер сияқты мембраналы компоненттер де кіреді. Бірақ осы минорлы компонентердің хроматин құрылымына қанша мөлшерде кіретіндігі әлі анықталмаған. Тек РНҚ ДНҚ матрицасымен байланыстылығын жоғалтпаған күйіндс, яғни траскрипциялық РНҚ күйінде болуы мүмкін. Басқа да минорлы компонеіптср ядро кабықшасын құрайтын заттарға жатуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат