Ақуыздарды электр өткізетін сым ретінде пайдаланды
Ақуыздарды электр өткізетін сым ретінде пайдаланды
3 жыл бұрын 1498 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кейбір ақуыздардың тиімді электр сымы ретінде әрекет ете алады. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай титтей ақуызды сым баламасы ретінде алға шығатын, ДНҚ-дан тұратын наносымына қарағанда электрді жақсы тасымалдайды. Ақуыздар ДНҚ тәрізді нанокөлемді электроникаға лайықты болып келеді, өйткені, олар тұрақтылық сипатымен ерекшеленеді, бұдан бөлек, олардың электр өткізгіштік қасиетін жақсартуға болады, сонымен қатар, олар мол ақпаратты сыйдыра алады. Бұлл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, электр өткізетін сым ретінде арнайы жасалған, химиялық жолмен ситнтезделген наноөткізгішке қарағанда алыс қашықтықта ақуызды наноөткізгіш электрды жақсы өткізетін болып шықты. Бұған қоса, ақуыздар өздігінен ұйымдасатыр құрылым болғандықтан оларды атомдық деңгейде бақылауға болады. Синтетикалық жолмен жасалған ақуызды наноөткізгіштерді өте шағын электрониканы жасауда пайдалануға болады. Сондай-ақ, мұндай технология медициналық зондтау мен диагностиканы өткізуге көмектеседі. Бұл айтылғандардан бөлек, наноөткізгіш сымды ДНҚ мен ақуыздарды мейліенше жылдам секвенирлеуге арналған жаңа құрылғыларды қолдануға болады.

0 пікір
Мұрағат