Антибиотикті-резистенттік бактерияны жоятын пoлимер жасалды
Антибиотикті-резистенттік бактерияны жоятын пoлимер жасалды
5 жыл бұрын 3688 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сингапурлық ғалымдар антибиотикке төзімді бактерияларды, соның ішінде биопленканы жоюға қабілетті микробқа қарсы полимер жасады. Бұл жайында Eurekalert ақпарат көзі хабар таратты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, антибиотикті-резистенттік бактериядан жылына кем дегенде 700 мың адам бақилық болады. Сол себепті, сингапурлық ғалымдардың бұл жаңалығы көкейтестілігімен маңызды. Жаңа полимерлік дәрі жасауда пайдаланылған альфа-пепид резистенттік бактерияны емдеуде қолданылып көрген болатын. Алайда, улылығы жоғары болғандықтан барынша тұрақсыздығымен тиімсіз болған еді. Сингапурлық зерттеу және технология одағының ғалымдары әзірлеген ко-бета-пептид микробқа қарсы белсенділігімен, улылық деңгейінің төмендігімен және жоғары тұрақтылығымен  айрықшаланады. Ол адам ағзасында баяу ыдырайтындықтан оның тиімділігі ұзақ уақытқа сақталады.

Ұқсас жаңалықтарды қарай отырыңыз:

«Бактерияның ең төзімді түрлеріне қарсы гибридті антибиотик жасалды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-en-tozimdi-turlerine-qarsy-gibridti-antibiotik-jasaldy-12841/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат