Антибиотикке ықтимал балама табылды
Антибиотикке ықтимал балама табылды
4 жыл бұрын 2568 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың ұлттық денсаулық институты (NIH, National Institutes of Health) ғалымдары өт қышқылында кездесетін тауриннің (Таурин - ағзадағы, әсіресе, жүрек, ми, көз және бұлшық еттердегі аминқышқылы. Таурин - биологиялық белсенді зат. Тарқатыңқырап айтқанда, латыншада taurus – «бұқа» мағынасын береді, 1827 жылы оны алғаш рет бұқаның өтінен бөліп алғандықтан осылай аталып кеткен. Таурин адам организімінде метионин (көптеген ақуыз құрамына кіретін, адам тамақтануына аса қажетті амин қышқылы) мен цистеиннің (күкіртті аминқышқылын қамтитын) негізінде синтезделеді. Таурин өзге аминқышқылдарынан айырмашылығы – организмде құрылыс материалы ретінде пайдалынылмайды, тінде еркін жүреді) организмге енген бактерияны жоя алатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Интерфакс ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. орыс тілінде хабар тарататын аталған ақпарат көзі өз кезегінде NIH дере көзіне сілтеме жасаған. Бұл жаңалық өз кезегінде антибиотикке төзімді бактерия қоздырғыштарына қарсы тиімді күресуге мүмкіндік беріп, антиобиотиктің баламасын табу бағытындағы ізденісті арттыруға септігін тигізеді. Америкалық ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, құрамында таурин кездесетін өт қышқылын синтездейтін әрі сақтайтын бауыр мен өт сұйықтығы инфекциялық дерттерден, соның ішінде топырақта, суда, қоршаған ортада көптеп кездесетін, сол себепті, жұғу қатері жоғары, адамға жұқса, пневмония, сепсис, менингит секілді түрлі қауіпті ауруларды турыдыратын Klebsiella pneumoniae (Kpn) бактериясынан организмді қорғайды. Бұл бұл бағытта тышқанға жүргізілген тәжірибе ғалымдардың гипотезасының шындыққа жанасатынын растады. Ғалымдар жоғарыда аталған Kpn бактериясының жұғу қатерінің алдын алуға көмектесетін Deltaproteobacteria бактерия класын анықтаған болатын. Таурин Deltaproteobacteria бактериясының белсенділігін оятатын триггер ретінде алға шыққан. Таурин организмге майды қорытуға көмектеседі. Ғалымдардың топшылауынша, организмде таурин мқлшері аз болса, патогендердің ішекті жайлауына жол ашады, керісінше мөлшері көп болса, олар істеп шығаратын күкіртті сутек патогендердің көбеюіне жол бермейді.

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат