Антибиотик ұл бала бойының өсуін тежейтін болып шықты
Антибиотик ұл бала бойының өсуін тежейтін болып шықты
4 жыл бұрын 2784 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік Бар-Илан университетінің ғалымдары анықтағандай, өмірге келгеніне екі аптай өтпей жатып антибиотик қабылдаған ұл балалардың бойы алты жыл бойы баяу өскен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Антибиотик адамзатты өлімге апарар қатері жоғары аса қауіпті инфекциялық аурулардан аман алып қалғанымен оның да денсаулыққа жанама әсері байқалып отыр. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында 2008 және 2010 жылдар аралығында Финляндияда жаңа туған 12400 шарананың денсаулығын қадалаған екен. Барлық баланың денсаулығы бір қалыпты болып туғанын айта кету керек. Олардың шамамен 9,3%-на алғашқы екі апта ішінде антибиотик тағайындаған болатын. Кейін белгілі болғандай, алғашқы алты жылда антибиотик қабылдаған балалардың бойы құрдастарына қарағанда 10-20% аласа болған. Десе де ғалымдар антибиотиктің олардың салмақ қосу мен бойының өсуіне қалай әсер ететінін анықтай алмаған еді. Ғалымдардың топшылауынша, ерте бастан антибиотик қабылдаған балалардың ішегіндегі бактериялардың құрамы мен санын өзгертіп, нәтижесінде олардың микрофлорасы баяу өскен. Бұл гипотезаның қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін анықтау үшін ғалымдар жаңа туған тышқандарға өмірге келген алғашқы күні антибиотик қабылдаған тышқанның ішегіндегі микробтарды салып көреді, расымен де тышқан балаларының өсуі баяулап сала берген. Десе де ғалымдар бұл бағыттағы зерттеуді тыңғылықты жүргізу керектігін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат