Аминқышқылдары мен пептидтерден биологиялық ыдырайтын шыны әзірленді
Аминқышқылдары мен пептидтерден биологиялық ыдырайтын шыны әзірленді
2 жыл бұрын 1933 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Биомолекулалық шыны өндірісі мен қасиеттерінің иллюстрациясы. Кекін: Ruirui Xing et al., Science Advances

Химиктер қайта өңдеуге келетін шыны жасау үшін тірі жасушалардың құрылыс блоктарын (элементтерін) пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғылым академиясының технологиялық процестер институтының ғалымдары тегі биологиялық, дәлірегі, амин қышқылдарынан немесе пептидтерден экологияға зияны жоқ шыны жасады. Аталмыш материал кәдімгі шыны қасиеттеріне ие болғанымен қайта өңдеуге келетін материал. Мұндай таза экологиялық шыны әзірлеу қиынның қиыны, өйткені, биомолекулалардың термиялық тұрақтылықтылығы осал және әдетте шыны өндірісінде қолданылатын жоғары температурада оңай ыдырайды. Бұл қиындықты еңсеру үшін қытай ғалымдары амин қышқылдары мен пептидтерді температураға төзімді етіп химиялық тұрғыдан түрлендірді немесе өңдеді. Мұндай модификацияланған молекулалар қыздырып шыны жасауға жарамды болады. Ал қолданыстағы шынылар биологиялық жағынан тиімсіз, яғни, табиғи ортада нашар ыдырайды. Дәлірегі, оның ыдырауына пластик секілді жүздеген жыл кетеді.

0 пікір
Мұрағат