«Әмбебап донор» қан тобы аталды
«Әмбебап донор» қан тобы аталды
3 жыл бұрын 17942 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

BestDoctor медициналық даму департаметінің жетекшісі Юлия Ткаченко әлемнің көптеген елдеріндегі заң талаптарына сәйкес тек тобы сәйкес келгендерге ғана қан құйылатынын жеткізді. Алайда, қан топтарының арасында «әмбебап донор» барын ескере бермейтінін де тілге тиек етті. Бұл жайында  islam.kz порталы ресейлік «Известия» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Маманның айтуынша, бірінші қан тобындағы пациентке тура сондай қан, екінші топтағыға да тура сондай қан құйылуы керек. Десе де дәрігер бірінші қан тобын «әмбебап донор» ретінде кез келген қан тобындағы пацментке құюға болатынын алға тартып отыр. Төртінші қан тобын «әмбебап реципиент» болып табылатынын, яғни, осындай қан тобына ие науқасқа кез келген қан тобындағы адамдардың қаны жарай беретінін де айтуды ұмыт қалдырмады. Осы тұста Юлия Ненашева есімді гематологтың бірінші қан тобындағы адамдардың инфракт жәге инсульт алу қатері жоғары болатыны турасындағы мәлімдемесін айта кеткіміз келеді: бұған қан ұюының сегізінші факторының ротромботикалық агенттігінің аз болатындығымен себеп болады, сондай-ақ, Виллебранд факторы да өз әсерін тигізеді. Виллебранд факторы дегеніміз – тромбоциттердің зақымдалған қан тамырының аймағына бекітуді қамтамасыз ететін, гемостазда маңызды рөл ойнайтын қан плазмасының гликопротеині.

Ұқсас материалдар:

"Әлемде қанша адам «алтын қанға» ие" (https://islam.kz/kk/news/gylym/alemde-qansha-adam-altyn-qanga-ie-15140/#gsc.tab=0); 

«Қан топтарының әрбіреуіне тән аурулар туралы деректің тағы бір парасы жарияланды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toptarynyn-arbireuine-tan-aurular-turaly-derektin-tagy-bir-parasy-jariyalandy-15535/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен 49 аурудың арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-49-aurudyn-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-15195/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-qaterli-isik-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-14962/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобындағылар ұзағырақ өмір сүреді?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-tobyndagylar-uzagyraq-omir-suredi-14884/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-toby-infektsiyadan-jaqsy-qorgalgan-14632/#gsc.tab=0  

0 пікір
Мұрағат