|
Алмұртты жиі жеген адам семіздікке ұшырамайды
|
Луизиана Университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі құлақ асуға тұрарлық. Оған сәйкес, алмұртты жиі жеген адамдардың белі едәуір жіңішкерген. Сондай-ақ осы қатысушылардың семіздікке шалдығу қаупі де сейілген. Бір қызығы, тәжірибеге қатысу кезінде алмұрт жемісін жегендер мен жемегендердің атқарған физикалық жаттығулары бірдей болыпты. Олардың ішіп-жеген тамақ мөлшері де ерекшеленбеген. Ғалымдардың айтуынша, алмұрт жегіштер өзгелерден дұрыс тамақтанған. Себебі олардың ағзасына осы жеміс арқылы C дәрумені, магний, калий және талшықтар жеткізілген, деп жазады Science World Report. Әдетте құрамында талшығы бар өнім салмақты бірқалыпты күйде ұстап тұруға көмектеседі, деп хабарлайды MedDaily.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады