Арменияда доңыз тұмауы дендеп тұр
Арменияда доңыз тұмауы дендеп тұр
8 жыл бұрын 3033 24.kz ҚазАқпарат

Арменияда 104 адам доңыз тұмауына шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша,науқастардың бәрінде H1N1 вирусы зертханалық түрде расталған. 

Мамандар "эпидемиялық жағдай бақылауда" деп сендіреді. Дерттен көз жұмғандар жоқ. Дәрігер көмегіне жүгінгендердің барлығы тегін емдік препараттармен қамтамасыз етілген. Дерті асқынған санаулы адам ауруханаға жатқызылды, қалғаны амбулаторлық ем қабылдауда. H1N1 вирусы Арменияда 2009 жылы тіркелген болатын.

«Расталған 104 дерек бойынша науқастардың барлығы тиісті емдерін қабылдап, үйлеріне жіберілді. Бізде кеше ауырып қалғандар мен бүгін ауруханаға түскендер бар. H1N1 тұмауының кәдімгі ауыр және жеңіл түрлері бар. Егер уақытылы көмек көрсетілмесе, одан өкпе қабынуы мүмкін, деп мәлімдеді Армения денсаулық сақтау министрлігінің бас эпидемиологы  Владимир Давидянц.

Вирустың таралуының алдын алу мақсатында ауруханалар мен емханаларда карантин жарияланды. Мұнымен қоса 10 мың адамға екпе жасалды. Олардың қатарында балалар мен егде жастағы тұрғындар бар. Жағдайды бақылау мақсатында елде арнайы жұмыс тобы құрылды. Өйткені доңыз тұмауымен қатар Арменияда жедел респираторлы вирусты инфекциялардың саны артқаны байқалып отыр. Бүгінгі күнге дейін вирусты инфекцияны жұқтырған 662 адам тіркелді, оның 500-і - бала. Келеңсіз жайттардың орын алмауы үшін дәрігерлер уақытылы мамандардың көмегіне жүгінуге кеңес береді.

Владимир Давидянц: «Арменияда эпидемия жоқ екенін ресми түрде жариялаймын. Мен өз сөзіме жауап беремін. Себебі біз өткен жылдардың көрсеткіштерін саралаймыз. Осы сараптамалар қауіптенетін ештене жоқ екенін дәлелдейді», - деген түсіндірме берді.

0 пікір
Мұрағат