Аллергияға қарсы тиімді зат табылды
Аллергияға қарсы тиімді зат табылды
4 жыл бұрын 3464 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралия ұлттық университетінің ғалымдары организмдегі аллергия мен аутоиммундық аурулардың тиімді жолмен алдын алуға көмектесетін тәсілді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell мерзімді басылымы мен MedicalXpress сайтының баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған әдіс нейритин деп аталатын өзіндік ерекшелігі бар ақуызға әсер етуге негізделген. Мамандардың айтуынша, нейритин болмаса, адам анафилакциядан өліп кету қатері артады, бұл жайт өз кезегінде аталмыш ақуыздың  өмірге қауіпті аллергиялық реакциядан қорғаудағы маңызын көрсетіп береді. Аллергия кезінде иммундық жүйе шаң-тозаң, арахис майы, т.б. секілді аллергия шақыратын, яғни, қоздыратын заттарға айрықша жауап қататын болады әрі ол иммуноглобулин Е (IgE) деп аталатын антидене қалыптастырады. Осының салдарынан ісу мен қызаруды тудыратын гистамин бөлінеді. Белгілі болғандай, нейритин IgE антидененің шектен тыс көбеюіне жол бермейді. Бұған қоса, аутоиммундық ауруларға тән зиянды антидене қалыптастыратын жат плазматикалық жасушалардың (плазма жасушалары плазмоциттер деп те аталады, антиденелерді синтездеу қабілеті бар және сүтқоректілер мен басқа жануарлардың әр түрлі ұлпаларында кездесетін ақ қан жасушаларының (лейкоциттер) түрінен шыққан, олар маңызды иммунологиялық функцияларды орындайтын жасушалар - kk.warbletoncouncil.org дерек көзінен) пайда болуына да жол бермеуге тырысады. Бұл жаңалық несімен құнды дегенге келсек, ол иммундық жүйені әлсіретіп алмай, аутоиммундық аурулармен және аллергиямен тиімді күресуге мүмкіндік беретін тәсілді табуға көмектеседі.

Ұқсас материал:

"Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-immundyq-jasusha-demikpe-men-allergiyaga-qarsy-kureste-totep-beruge-komektesedi-13792/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат