Алжу қатерін арттыратын аурулардың бірі анықталды. Алжу қатерін анықтаудың оңай тәсілі пайда болды
Алжу қатерін арттыратын аурулардың бірі анықталды. Алжу қатерін анықтаудың оңай тәсілі пайда болды
2 жыл бұрын 2039 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бауырын май басқан адамның деменция дертіне шалдығу қатері жоғары болады. Бұл арада жүре жабысатын, үдемелі деменция дерті турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы MedicalXpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сткоголм қаласындағы Каролин институтының Йин Шаң есімді ғалымы бұл бағыттағы зерттеу барысында май бассқан бауырдың осындай қатерлі ауруға шалдықтыратын ерекшелігін анықаған екен. Біз сөз етіп отырған аурудан бүкіл әлем бойынша адамдардың шамамен 25%-ы зардап шегеді және бауыр ауруының кең таралған созылмалы түрі болып табылады. Аталған аурудың нақты симптомдары болмағандықтан көбісі ауруы асқынғанша осындай дертке бой алдырғанын сезе бермейді. Оның қауіптілігі де осында – нақты симптомының болмауында. Әдетте ішімдіктен немесе семіздіктен бауырды май басады. Десе де ішімдік әсерінен бауырды май басса, алжу қатері болмайды. Каролин институтының сарапшысы Йинг Шаң зерттеу барысында алкоголсіз май ауруы бар адамдарда тамырлы деменцияның даму қаупі 44% жоғары екенін анықтады. Ал егер науқаста бауыр ауруынан басқа жүрек ақауы болса, онда қауіп 50%-ға артады.

Алжу қатерін анықтаудың оңай тәсілі пайда болды 

Австралиядағы Эдит Коуэн университетінің (ECU) ғалымдары деменцияның ерте симптомдарын анықтайтын сканерлеу жүйесін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Xpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ААС деп те аталатын біздің организіміздегі аса ірі артериядағы – қолқадағы тромбоциттердің кальцификациялық (Кальциноз - жұмсақ тіндерде немесе ағзаларда кальций тұздары шөгінділерінің түзілуі)  құбылысы жасы ұлғайған адамның алжу ауруынан зардап шегетінінен хабар береді. Ғалымдар 1990-шы жылдардың соңынан бастап 968 әйелде AAC нәтижелерін зерттеді, содан кейін олардың денсаулығын 15 жылдан астам бақылаған екен. Олар әрбір екі егде әйелдің біреуінде орташа және жоғары AAC деңгейлері бар екенін анықтады. Сарапшылардың айтуынша, AAC адам өмірінің ерте кезеңдерінде деменцияның даму қаупін анықтай алады, бұл жаңалық осы аурудың алдын алуда маңызды болуы мүмкін. «AAC маңызды, өйткені, ол Альцгеймер ауруы бар адамдардың 50 пайызында негізгі генетикалық қауіп факторы жоқ адамдарда деменцияның даму қаупін анықтай алды, бұл деменцияның ең көп таралған түрі», - деді осынау зеттеуге атсалысқан Precision Health Center орталығының директоры, профессор Саймон Лоуз. Ғалымдар сүйек тығыздығын өлшейтін аппараттарды пайдаланып, омыртқаны «бүйірінен» сканерлеу арқылы AAC-ті оңай анықтауға болады деп есептейді. 

Ұқсас материал:

"Жоғарғы қан қысымы алжу қатерін арттырады. Кез келген жаста" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jogargy-qan-qysymy-alju-qaterin-arttyrady-kez-kelgen-jasta-14558/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат