Алжу ауруы кезінде ми жасушаларының жойылуын тоқтататын әдіс табылды
Алжу ауруы кезінде ми жасушаларының жойылуын тоқтататын әдіс табылды
Кеше 303 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар деменция (алжу, ақыл-ес кемістігі) ауруы кезінде ми жасушаларының жойылуын тоқтатын әдісті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Translational Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Альцгеймер – мидың жүйке  жасушаларын жоятын деменцияның негізгі түрі. Бүгінгі таңда күллі әлем бойынша аталмыш дерттен 55 млн-нан аса адам зардап шегеді. Бұл ауру биохимиялық реакциялардың – некроптоздың нақты бірізділігінің нәтижесінде пайда болады. Бұрын тышқандарға жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар бұл процесте басты рөл атқаратын молекулаларды анықтаған еді. Таяудағы бұл бағытта жүргізілген зерттеу кезінде ғалымдар некроптозды тоқтатын айрықша молекуланың ми жасушаларын жоятын процесті бұғаттай алатынын анықтаған болатын. Ғалымдар енді осы молекуланың негізінде аталған ауруға қарсы жаңа дәріні жасауға бел буып отыр.

0 пікір
Мұрағат