Әлеуметтік мәртебе үшін күрес жасөспірімдердің психикасына кері әсерін тигізеді
Әлеуметтік мәртебе үшін күрес жасөспірімдердің психикасына кері әсерін тигізеді
10 жыл бұрын 5795

Ересек адам үшін төңірегіндегілердің қалай қарайтыны онша маңызды емес. Алайда, жасөспірімдер үшін «крутой» болып көрінудің, әсіресе, өз тұрғыластарының жанында бұл маңызды; яғни, құрбы-құрдастарының оған берген бағасы жасөспірімнің психикалық денсаулығына қатты әсер етеді. Жыл  сайын өтетін британдық психологтар қауымдастығының (British Psychological Society) жиынында жаңа зертеудің нәтижесі жария етілді. Достарының арасында беделге ие болу үшін жасөспірімдер тұтыну мәдениетіне иек артады екен. Зерттеушілердің тұжырымы осындай. «Зерттеу барысында белгілі болғандай, балалар мен жасөспірімдер қоғамның өзін мойындауы үшін қымбат заттар мен бұйымдарға ие болудың, сықиып киінудің және агрессиялық құлық танытуы маңызды орын алады. Шындығында, мұның бәрі керісінше болғанда ғана күткен нәтиже беретінін біле бермейді: өзін қарапайым ұстайтын, әрдайым достарына көмектесіп, қолұшын созып жүретіндері танымалдыққа ие болады»,- деді Сассекса университетінің психология профессоры Робин Банерджи (Robin Banerjee). Ғалымдардың сөзіне қарағанда, әлеуметтік мәртебесі төмен болған жасөспірім күйзеліске бейім келеді. Оның өзі жасөспірімнің жынысына қарай түрлі сипат алады: мәселен, ұл балалар «крутой» болып көріну үшін қымбать заттарды сатып алуға ұмтылса, қыздар сыртқы келбеті мен киім үлгісіне айрықша ден қояды екен. Child Development басылымында жарық көрген америкалық ғалымдардың мақаласында айтылғандай, өзін мойындатқысы келген жасөспірімдер осы мақсатына жету үшін ештеңеден тайынбайтын күйге тап болады. Мәселен, ерте жыныстық қатынасқа түсу, есірткі қолдану, т.б. Мұндай жасөспірімдер қылмыс жасауға бейім тұрады. 13-тен 23 жас аралығындағы 184 жасөспірімді он жыл бойы бақылаған америкалық ғалымдар осындай тұжырымға келген. Ал құрбы-құрдастарының арасында беделді болған жасөспірімдер жасы ұлғая келе ішімдік ішуге және есірткі қолдануға бейім тұрады. Олардың қылмыс әлемімен байланысу мүмкіндігі де жоғары болатын көрінеді. 

 

1 пікір
  • Ата-анасы қарапайымдылықпен тәрбиелесе, сол қарапайымдылығынан ұялмайтындай етіп, ең басты қаруы білім екенін түсіндіріп тәрбиелесе балада ондай арзан мәртебе үшін күрес болмас еді.
    Жалпы баланың ондай дүниемен ауыруға уақыты болмағаны дұрыс.
    Қазір көп ата-ана өздері бұзады баласының психикасын. Ақшасы болмаса да баласына қымбат дүние алып, кредитке батып жүргені.
    Осы біздің қазақ сондай пафосқа құмар ғой.
    10 жыл бұрын
Мұрағат