Әлемдегі ең қауіпті бактериялардың бірінен ауруды басатын дәрі жасалды
Әлемдегі ең қауіпті бактериялардың бірінен ауруды басатын дәрі жасалды
3 жыл бұрын 3228 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары сібір жарасы бактериясының ақуызынан ауруды басатын дәрі жасады. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол мидағы нейрондарды таңдап әсер етеді. Болашақта бұл дәрі бүгінде ауруды басу үшін қолданылып жүрген апиынды аналгетикті алмастыруы мүмкін. Бұл тарапта кеміргішке жүргізілген тәжірибе нәтиесі сәтті шыққан: ауруды басты әрі организмге теріс әсерін тигізбеді.Аталған бактерияның үш ақуызы жекелеген кезінде қауіпсіз. Олар біріккенде ғана қауіпті – сібір жарасының уын қалыптастырады. Ғалымдар бұл бағытта тышқандарға екі ақуызды, атап айтқанда, PA («қорғаныс антигенін») және EF («эдематозды факторды») енгізген екен. Екі компонентті аналгетик өз кезегінде тәжірибедегі тышқанның барлық ауруын басқан. Дәрі қабылдаған кеміргіштің жүрек қағысы, дене температурасы, қимыл-қозғалысы өзгеріссіз қалған. Яғни, зардабын тигізбеген. Осылайша дәрінің тек ауру тудыратын нейрондарға ғана әсерін тигізген. Оны қолданғанда жасушалар ойылмайды, оларды тек «ұйықтатады».

Ұқсас материалдар:

«Ауырсынуды басатын тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auyrsynudy-basatyn-tasil-tabyldy-16272/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар ауырсыну сезіміне жауапты ағзаны және оны бұғаттайтын тәсілді тапты» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/galymdar-auyrsynu-sezimine-jauapty-agzany-jane-ony-bugattaityn-tasildi-tapty-12963/#gsc.tab=0);

«Сылдырмақты жыланның уынан ауруды басатын дәрі жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/syldyrmaqty-jylannyn-uynan-aurudy-basatyn-dari-jasaldy-13238/#gsc.tab=0);

«Ауруды басатын азық түрлері аталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aurudy-basatyn-azyq-turleri-ataldy-13641/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат