Әлемде тұңғыш рет тірі организмнің жүйке байланысының толық картасы жасалды (видео)
Әлемде тұңғыш рет тірі организмнің жүйке байланысының толық картасы жасалды (видео)
5 жыл бұрын 2912 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тірі организмдегі жүйке байланысының картасын жасаумен айналысатын коннектомика саласының мамандары тарихи жетістікке жеткендерін мәлімдеді. Олар тұңғыш рет тұтас организмдегі жүйке байланысының толық картасын жасауға қол жеткізіп отыр. Бұл бағытта ғылым мүддесі үшін иі пайдаланылатын Caenorhabditis elegans құртына тәжірибе жүргізілген екен. Аталмыш құрттың жүйке жүйесінің құрылымы бұрыннан белгілі болғанымен оның картасын жасау едәуір қиындық тудырған еді. 1986 жылы алғашқы талпыныс жасалып, жекелеген жүйке шоғырының электрондық микрофотографиясы алынды. Содан бері мұндай мыңдаған фото-суреттерге талдау жасалып, жүйке талшықтарының барлық өзара байланысатын жерлері, сондай-ақ, бұлшық етпен және құрт организіміндегі өзге де тіндермен байланысқан жерлері анықталған болатын. Ұзындығы 1 мм Caenorhabditis elegans ересек құртының гермафродитті түрінің жүйке жүйесі 302 нейронға ие болған. Ал еркегінде бұл көрсеткіш 385 нейронды құраған. Ендігі жерде ғалымдарға барлық синапстың орналасқан орны, олардың байланыс күші, өзара әсері, организмді басқару тетігі белгілі. Бұл, мәселен, құрттың организміне тигізер аурудың әсерін жаңа деңгейде зерделеп, бағамдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, барлық жүйенің түрлі жағдайда қалай жұмыс істейтінін түсінуге септігін тигізбек. Caenorhabditis elegans құртының жүйке жүйесі адамдікімен салыстырғанда қарапайым, жұпыны келеді. Алайда, базалық процестер шамамен бірдей болып келеді.

0 пікір
Мұрағат