Әлемде тұңғыш рет пациентке соғып тұрған жүректі салды
|

Тайуанның ұлттық университет емханасының хирургтері тарихта тұңғыш рет опреацияның барлық кезеңінде (алудан бастап, имплантациялауға (қондыру) дейін соғуын тоқтатпаған жүректі донор ағзаға мұқтаж науқасқа салып, медцинада бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы ixbt.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ши Най-Син есімді хирургтің жетекшілігімен әзірленген бірегей технология ишемиялық кезеңге (қанның тоқтауы. Науқасқа салғанша жүрек соғысының уақытша тоқтауынан болатын қанның тоқтауы) жол бермейді, осылайша қанның тоқтауына байланысты оттегінің жетіспеушіліген тіндердің зақымдануына жол бермейді. Ал бұл жайт өз кезегінде ағзаның бөгде организмді жатырқауын төмендетеді. Донорлық жүрек ерекше жағдайда сақталатын және қан қорын уақытша жоғалтатын стандартты процедурадан айырмашылығы - жаңа әдісте ағзаларды қолдаудың бірегей жүйесі қолданылады. Ол жүректі оттегімен, яғни, қанмен үздіксіз қамтамасыз етіп, тасымалдау пен операция кезінде де жүректің белсенділігін жоғалтпауына көмектеседі. Алғашқы операция кардиомопатиямен ауыратын 49 жастағы науқасқа жасалды. Бірнеше айдан кейін жүрек бұлшық етінің көп зақымданбағаны байқалды. Болашақта технология ксенотрансплантация саласындағы зерттеулерді толықтыратын болады.




