Әлемде тұңғыш рет кабелсіз жұмыс істейтін суасты дроны пайда болды (видео)
Әлемде тұңғыш рет кабелсіз жұмыс істейтін суасты дроны пайда болды (видео)
4 жыл бұрын 2439 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Құрлықтағы, дәлірегі, әуедегі ұшқышсыз ұшатын аппараттар ұдайы жетілдіріліп келе жатыр. Осы уақытқа дейін суасты дрондары радиотолқын суда нашар өтетіндіктен байланыс кабелімен жұмыс істеп келген еді. Суасты қашықтан басқарылатын аппараттар саласында әлем бойынша алғашқы дрон пайда болды – байланыс үшін  кабелдің орнына жарық пайдаланылатын ExRay суасты дроны турасында сөз болып отыр бұл арада. Бұл жайында islam.kz порталы hydromea.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Суасты дронына арналған байланыс кабелінің машақаты көп әрі қолайсыздығы да жетіп артылатын. Мұндай кабелді алып жүрудің өзі көлемі үлкен кемені қажет ететін еді. Бұдан бөлек, кабел су астындағы қандай да бір затқа немесе кедергіге кез болғанда оралып қалу қатері жоғары. Бұл жайт өз кезегінде суасты дронынынң жұмысына кедергі келтіріп қоймай, сонымен қатар, оның жоғалуына да алып келеді. Міне, осындай кем-кетікті ескерген швейцариялық Hydromea стартапы құрастырған Hydromea ExRay дроны келесі жылдың соңына дейін саудаға шығарылып қалады. Су астындағы жарық импулсімен басқарылатын аппарат қалай жұмыс істейді? 470-нанометрлік светодиодты жарық импулсі екі оптикалық модем арасында беріледі: модемдердің бірі – су астында болса, екіншісі су бетінде (кемеде) болады. Деректер секундына 10 мегабит жылдамдықпен беріледі.

0 пікір
Мұрағат