Әлемде тұңғыш рет: донор жатырдан сау ұрпақ дүниеге келді
Әлемде тұңғыш рет: донор жатырдан сау ұрпақ дүниеге келді
4 жыл бұрын 3255 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Кэйо университетінің ғалымдары донор маймылдың жатыры қондырылған, яғни, трансплантацияланған маймыл құрсақ көтеріп, өмірге сау ұрпақ әкелген. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеуге қатысты тәжірибе жүргізген ғалымдардың айтуынша, әлемде мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Күншығыс елінің аталмыш жоғарғы оқу орны алдағы уақытта мұндай клиникалық сынақты адамдарға да қолданып көруді ұйғарып отыр. Өйткені, өздерінің бұл тәсілі белгілі бір дәрежеде қауіпсіз екенін дәлелдеген. Шаянмен қоректенуді жақсы көретін макакаға 2017 жылдың ақпан айында донор маймылдың жатыры трансплантацияланған.  Иммунологиялық типі (50% көлемінде) сәйкес келетін маймылға донор маймылдың ағзасын қондыру отасы жасалған болатын. Иммундық депрессанттарды енгізіп, ұрықты донор жатырға ие болған маймылдың жатыр түтігіне орналастырған екен. Ол екі рет түсік тастаған. Ақырында осы жылдың мамыр айында босанған болатын. Ал түсік тастауының себебі әлі зерделеніп жатыр.

0 пікір
Мұрағат