Әлемде алғаш рет ми қызметін имитациялайтын жасанды зерде үлгісі жасалды
Әлемде алғаш рет ми қызметін имитациялайтын жасанды зерде үлгісі жасалды
2 ай бұрын 1029 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғылыми академиясының ғалымдары айрықша жасанды зерде үлгісін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы The Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада әлемдегі алғашқы адам миының қызметін мейлінше қайталай алатын, энергияны едәуір аз тұтынатын және Nvidia чипінсіз жұмыс істей беретін SpikingBrain1.0 жасанды зерде үлгісі турасында сөз болып отыр. Жаңа технология қажетті ақпаратты өңдеуге немесе тиісті тапсырманы орындауға қажетті жүйке жасушаларын ғана белсендіретін адам миына тән ерекшелікке ие. Осы орайда бүгінгі таңда кеңінен танымал әрі көп қолданылатын ChatGPT және Meta компаниясы әзірлеген Llama секілді тіл моделдері ауқымды жұмысқа тәуелді – мұндай моделдердің жұмысы деректер көбейген сайын жақсарады. Мұндай моделдердің тағы бір кемшілігі – оқытуға көп шығын кетеді әрі энергияны молынан тұтынады. Ал қытайлардың жаңа моделі мидағы механизмдер негізінде жұмыс істейді: бір сауалға жауап беру үшін жүздеген, бәлкім, мыңдаған ақпаратты сүзгіден өткізіп, тұтас мәтінді сараптап жатпайды. SpikingBrain1.0 моделі тек қажетті бір сөзді “қағып” алып, соның негізінде қорытынды жасайды. Былайша айтқанда, “аспан” деген сөзі естігенде адамның көз алдына көк, әуе келеді. Аталмыш модел де сол адам миф секілді негізгі, қажетті сөз төңірегінен керектісін ұсынады. Мұндай әдіс өз кезегінде тиімді әрі дәл. Осы бірегей модел өзге АІ үлгілерімен салыстырғанда кем дегенде 25 немесе 100 есе шапшаң жұмыс істейтін болады.  Бірегей модел қытайдың өз чип платформасында (MetaX) жұмыс істейді. Тұтас деректер базасына сүйенетін ChatGPT секілді жүйелерге қарағанда кірген ақпаратқа қана таңдап-талғап жауап қатады. Бұл артықшылық энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді әрі уақыттан ұтады.

0 пікір
Мұрағат