|
Алдына мақсат қойған адамның алжу қатерінің 30%-ға төмендейтіні дәлелденді
|
Америкалық ғалымдар алдына мақсат қойған адамның конгнитивті қабілетінің төмендеуіне жол бермейтінін анықтады. Тіпті, тұқым қуалайтын алжу ауруы кездесетін адамдардың өзінде Альцгеймер дертіне шалдығу қатерін көп төмендететін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы American Journal of Geriatric Psychiatryмерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Калифорния университетінің (University of California, Davis) ғалымдары 45 және одан жоғары жастағы 13,5-тен аса америкалықтарды қадағалай келе осындай қорытынды жасаған. Байқау-бақылау кезінде 13 765 адамның 1820-сында (13%) бойында когнитивтік ауытқу пайда болды. Зерттеушілер мұндай ауытқулардың даму ықтималдығы өмірі мағыналы немесе мақсаты бар адамдарда 28% -ға төмен болғанын анықтады. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу барысында бақылауға алынған адамдардың нәсілі мен ұлтын, діни сенімін, жынысын, жасын, білім деңгейін, күйзеліске бой алдырғанын немесе алдырмағанын және Альцгеймер ауруының қаупін арттыратын генетикалық фактор - APOE4 аллелінің бар-жоғын ескерген екен. Алдына мақсат қойған адамдардың конгнитивті ауытқуы мақсатсыз адамдарға қарағанда шамамен 1,4 ай кейін орын алатынын даа анықтаған екен. Ғалымдардың тұжырымынша, мақсат – нейропатологиялық процеске төтеп беруге көмектесетін психологиялық-әлеуметтік ресурс.